Telegram Group & Telegram Channel
Бұл – Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы мәліметтері негізінде дайындалған Батыс Қазақстан облысының этностық картасы.
Негізгі деректер:
#Орал қаласында және барлық ауданда #қазақтар абсолютті басымдықты құрайды.
Орал мен 7 ауданда саны жағынан екінші орында – #орыстар. Қалған бес ауданда – #татарлар.
Бұлардан бөлек, үздік үштікте кей ауданда #украиндер, бір ауданда #башқұрттар, бір ауданда #қырғыздар тұр. Бірақ облыста башқұрттардың жалпы саны 509, қырғыздар 206 адам ғана...
#БҚО-ның этностық картасына қарап отырып, бір «әп-бәрекелді» дейтін, бір «әттеген-ай» дейтін жайтты байқаймыз.
Әп-бәрекелдісі – кеңес заманындағы орыстілді Орал қаласы мен солтүсіктегі бірқатар ауданның барынша #қазақылануы. Бала күнімізде Оралға барғанда қазақша сөйлейтін адамды көру қиын еді. Қазір керісінше орысша сөйлейтін қазақ некен-саяқ.
Әттеген-айы – халық саны тым аз.
Мәселен, қазақ тарихында айрықша орны бар Батыс Алашорданың орталығы болған #Сырым ауданында (Жымпиты) 17 мың адам ғана тұрады...
Кезіндегі Ішкі Орданың бүгінгі жалғасы – Бөкейордасы ауданының халық саны 15 мың адамға да жетпейді. ШОК!
Ресеймен шектесетін #Жәнібек, #Тасқала, #Шыңғырлау аудандарында да сол жағдай.
Шекаралық аймақтардағы халықтың селдіреуі – геосаяси тұрғыда осал тұсымыз.
Менің туған жерім – #Қазталовка ауданында 27 мың адам бар. Оның 99 пайызға жуығы – қазақ. Халқы 100 пайыз қазақша сөйлейді...
Реті келгенде айтсақ, бұл ауданнан қазір өзім жұмыс істейтін «Egemen Qazaqstan» (ол кездегі «#Ұшқын») газетінің ең алғашқы редакторы Халел Есенбаев, боксшы Данияр Елеусінов, әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов, әнші Райым секілді бірқатар танымал адамдар шыққан...
Алдағы уақытта тағы қай облыстың этностық картасын жасайық? Пікірге жазыңыздар.
Дереккөз: FB #ескендірзұлқарнай

group-telegram.com/qazaqstan161291/1966
Create:
Last Update:

BY Қазақстан демографиясы | Население Казахстана

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/qazaqstan161291/1966

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

He floated the idea of restricting the use of Telegram in Ukraine and Russia, a suggestion that was met with fierce opposition from users. Shortly after, Durov backed off the idea. But because group chats and the channel features are not end-to-end encrypted, Galperin said user privacy is potentially under threat. Official government accounts have also spread fake fact checks. An official Twitter account for the Russia diplomatic mission in Geneva shared a fake debunking video claiming without evidence that "Western and Ukrainian media are creating thousands of fake news on Russia every day." The video, which has amassed almost 30,000 views, offered a "how-to" spot misinformation. It is unclear who runs the account, although Russia's official Ministry of Foreign Affairs Twitter account promoted the Telegram channel on Saturday and claimed it was operated by "a group of experts & journalists." In view of this, the regulator has cautioned investors not to rely on such investment tips / advice received through social media platforms. It has also said investors should exercise utmost caution while taking investment decisions while dealing in the securities market.
from ru

Telegram Қазақстан демографиясы | Население Казахстана
FROM American