Telegram Group & Telegram Channel
Тіл мәселесін дабыра етіп, жұрт алдында көсемсіп жүретіндердің бала-шағасы орысша шүлдірлеп жүргеніне таң қалуды қойғанбыз. Ал «Халқым!» деп күңіреніп жүргендер сол халықтың үстінен пайда тауып, екі жеп, биге шығып жүргенін көргенде, айтарға сөз таппай қалады екенсің.

Әңгіме басқа емес, өздерін «қоғамдық лидер», «шығармашылық элита» өкілдері санайтындар туралы болса, тіпті қиын.
Ақын, біраз жыл Жазушылар одағы төрағасының орынбасары болған Ақберен Елгезек пен оның әйелі, журналист және блогер Дина Елгезекті былайғы жұрт сырттай жақсы біледі, тіпті «ұлттың қамын ойлайтын азаматтар» деп сыйлайды.
Бірақ Елгезектер отбасының «бизнес империясы» туралы екінің бірі біле бермес. Мысалы, осы отбасыға тиесілі төрт бірдей компания тіркелген: «Abai baspasy» ЖШС, «Alim Best» ЖШС, «Tengri Gold» ЖШС және «ULT MEDIA» ҚҚ. Жақында белгілі болғанындай, бұл компаниялардың табысы 1 млрд теңгеден асқан. Яғни, ресми түрде екеуі де еш жерде жұмыс істемейтін Елгезектердің тасы өрге домалап тұр. Алысқа бармай-ақ, Алматыдағы кең сарайдай үйінің өзі неге тұрады.

Бизнес жасап, пайда тапса, онда тұрған не бар дерсіз? Мәселе сонда, әлгі 1 млрд теңгенің 610 млн теңгесі – таза мемлекеттік бюджеттің, яғни сіз бен біз сияқты салық төлеушілердің жарнасынан құралған ақша. Оның 413 млн-ы «Абай баспасы», 186 млн.-ы – «ULT MEDIA» қоғамдық қоры, 11,2 млн-ы – «Tengri Gold» ЖШС арқылы түскен.

Нақты дәйек керек болса, бір ғана «Абай баспасын» мысалға алайық. Қағаз жүзінде оны өз баспаханасы бар, көркем әдебиет шығаратын баспа делінсе де, шын мәнінде, не кітап басатын баспаханасы не баспа ісіне қажетті құрал-жабдығы жоқ, әйтеуір, Алматыда айына 300 мың теңгеге жуық жалға алу ақшасын төлейтін кеңсесі ғана бар.
Іс жүзінде, бұл баспа басқа жақтан шыққан кітаптарды өз өнімі етіп көрсетіп, оны мемлекетке бағасын аспандатып сатумен айналысады.

Ақберен Елгезек бұрын мемлекеттік қызметте болған кезінен қалыптасқан тамыр-таныстығын (әкімдіктер, Тұңғыш Президент қоры, «Нұр Отан» партиясы, Президент Әкімшілігі т.б.) пайдаланып, қазіргі әкімдіктермен ауыз жаласып, мемлекеттік тапсырыс алуға әбден машықтанған.
Мысалы, Алматы облысы әкімдігінен 112 млн теңге, Маңғыстау облысы әкімдігінен 92 млн теңге, Қызылорда облысы әкімдігінен 81 млн теңге, Жамбыл облысы әкімдігінен 67 млн теңге алған. Санай берсек, басқа да әкімдіктерден алған миллиондары жетеді.
Былтырғы жылы бюджеттік ұйымдарға 222 млн теңгеге кітап сатыпты. Бір кітаптың өзіндік құны 1300 теңге болғанда, оларды мемлекетке 4000-6000 теңгеге сатып, шаш-етектен пайдаға кенелген.
Бір ғана «Алтын тасқын» деген кітаптың әр данасын 1272 теңгеге сатып алып, оны әкімшілік ресурс арқылы 6200 теңге шамасында сатқан. Өзі еңбекпен шығармаған кітапты 5 есе қымбаттатып сатып, орта жолдан 9,3 млн. теңге пайда тапқан!

Тағы бір мысал. 23 кітапхана мен білім орталықтарына «Пәлсапа тасы» деген беймағлұм кітапты 4 есе қымбатқа сатып, 1225 кітаптан 6,6 млн. теңге пайда тапқан.
Ешкімге керегі жоқ бұл кітаптар қазір бөлшек сауда дүкендерінде, мысалы, «Меломанда» әлдеқайда арзан бағамен өтпей тұр.
Осы жерде баспа ісімен жылдап айналысып жүрген әріптестер болса айта жатар, саусақ қимылдатпай, мұншама пайдаға кенелу екінің бірінің қолынан келмейді. Ол үшін Елгезектікіндей «схема» жасау керек.

@asiantop

group-telegram.com/asiantop/3554
Create:
Last Update:

BY ДИКАЯ АЗИЯ

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/asiantop/3554

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

As the war in Ukraine rages, the messaging app Telegram has emerged as the go-to place for unfiltered live war updates for both Ukrainian refugees and increasingly isolated Russians alike. "This time we received the coordinates of enemy vehicles marked 'V' in Kyiv region," it added. On December 23rd, 2020, Pavel Durov posted to his channel that the company would need to start generating revenue. In early 2021, he added that any advertising on the platform would not use user data for targeting, and that it would be focused on “large one-to-many channels.” He pledged that ads would be “non-intrusive” and that most users would simply not notice any change. Messages are not fully encrypted by default. That means the company could, in theory, access the content of the messages, or be forced to hand over the data at the request of a government. Russians and Ukrainians are both prolific users of Telegram. They rely on the app for channels that act as newsfeeds, group chats (both public and private), and one-to-one communication. Since the Russian invasion of Ukraine, Telegram has remained an important lifeline for both Russians and Ukrainians, as a way of staying aware of the latest news and keeping in touch with loved ones.
from sa

Telegram ДИКАЯ АЗИЯ
FROM American