Telegram Group & Telegram Channel
«Жомарт» шахтасындағы апаттың мән-жайы мен қауіпсіздік техникасы бұзылуының себептерін тексеру жөніндегі комиссия жұмысты 10 күнде аяқтауға тиіс

📌 Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішіндегі апаттың себептерін тексеру және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөніндегі Үкіметтік комиссия жұмысының барысы туралы баяндамасы тыңдалды.

🔘 Осы жылдың 17 ақпанында Қазақмыс корпорациясының «Жомарт» кенішінің шахтасында апат болды. 7 адам қаза тапты. Бұл ретте 402 адам өз бетінше эвакуацияланды.

✔️ Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Апат орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық жедел штабы ашылды. Сенім телефоны желісіне 23 қоңырау түсті.

Премьер-министрге Үкіметтік комиссия апаттың себептерін тергеу бойынша жұмысты бастағаны, тиісті сараптамалар жүргізілетіні баяндалды.

🔵 Алдын ала мәліметтер бойынша шахтада табиғи газ жарылған.

Комиссия басшысы мен мүшелері апат болған жерді қарап, қаза тапқандардың отбасыларымен кездесу өткізді.

🔷 Қазір шахтада жұмыс тоқтатылды. Екі арнайы комиссия құрылды: біреуі апаттың себептерін анықтауы керек, екіншісі қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтайды. Комиссиялар өз жұмысын 10 күн ішінде аяқтауға тиіс.

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау шаралары көрсетіледі.

Сондай-ақ Қазақмыс корпорациясы ұжымдық шартқа сәйкес көмек көрсетеді, оның ішінде жерлеуді ұйымдастыру, жылдық орташа жалақының 10 еселенген төлемі, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан қызметкерлердің несиелері мен қарыздарын өтеу бойынша көмек түрлері бар.

🔘 Бұдан басқа, қолданыстағы заңнама аясында кеншілер отбасына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындалады, сондай-ақ жерлеуге төлемдер берілетін болады.

Жалпы тергеу нәтижелері комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынылатын болады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/15547
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/15547

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

In a statement, the regulator said the search and seizure operation was carried out against seven individuals and one corporate entity at multiple locations in Ahmedabad and Bhavnagar in Gujarat, Neemuch in Madhya Pradesh, Delhi, and Mumbai. Investors took profits on Friday while they could ahead of the weekend, explained Tom Essaye, founder of Sevens Report Research. Saturday and Sunday could easily bring unfortunate news on the war front—and traders would rather be able to sell any recent winnings at Friday’s earlier prices than wait for a potentially lower price at Monday’s open. "We as Ukrainians believe that the truth is on our side, whether it's truth that you're proclaiming about the war and everything else, why would you want to hide it?," he said. Also in the latest update is the ability for users to create a unique @username from the Settings page, providing others with an easy way to contact them via Search or their t.me/username link without sharing their phone number. This ability to mix the public and the private, as well as the ability to use bots to engage with users has proved to be problematic. In early 2021, a database selling phone numbers pulled from Facebook was selling numbers for $20 per lookup. Similarly, security researchers found a network of deepfake bots on the platform that were generating images of people submitted by users to create non-consensual imagery, some of which involved children.
from sg

Telegram UKIMET
FROM American