group-telegram.com/Kommentator_Maulen/13400
Last Update:
Қаймағы бұзылмаған қазақы команда
Осы жаңа ғана Бақтияр Артаевпен сөйлестім. “Қайсар” футбол клубы 2025 жылды легионерсіз ойнап шығады деп мәлімдеді. Облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаев осындай тапсырма беріпті. “Қаншама жыл легионерлерді асырап келгеніміз жетер, өзіміздің қазақтың қара домалақ балаларын ойнатайық” деген шешімге келіпті. Облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев “Тараз” командасы түгел қазақ балалармен ойнап премьер-лигадан да шықпай жап-жақсы өнер көрсетті, “Қайсар” да солай ойнап бере алады деп отыр.
“Әлбетте өзге клубтармен бәсекеге түсу алғашқыда қиын болатын шығар, алайда кейіннен түзеліп кетеміз”, дейді Олимпиада чемпионы.
Кумыков бас бапкер болып қала береді. Жергілікті жастар мен өзге өңірде легионерлер тасасында қалған таланттарды тартамыз дейді Қызылордалық команда.
Өз ойымды қоса кетсем, мұндай жағдай қазақ футболында бұрын-соңды болмаған. Нәлібаевтың бұл идеясы осы қазірдің өзінде көпшілікке ұнайтындай. Ал енді қалғанын клубтағы спорт директор Мақсат Байжанов пен бас бапкер Виктор Кумыков істеуі тиіс. Егер, кубокта біршама кезеңге өтіп, премьер-лигадағы орынды сақтап қалса бұл үлгіні өзге облыстың әкімдері де қайталауы ықтимал.
Нағыз қазақы команда болып саналатын “Қайсар” биыл “дала қасқыры” деген атына сай болады деп сенеміз! Несі бар, уақыт берейік, көрейік не боларын?
@kommentator_maulen
BY Kommentator_Maulen
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/Kommentator_Maulen/13400