Telegram Group & Telegram Channel
 «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға енгізілген өзгерістерге қатысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәлімдемесі

2025 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

«Әділ сөз» қоры мен медиа қауымдастықтың бірқатар ұсыныстары аталған өзгерістерді әзірлеу кезінде ескерілгенін қуана атап өтеміз. Бұл азаматтар үшін ақпараттың ашықтығы мен оның қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді деп санаймыз.

Атап айтқанда, заңда ақпараттың ашықтығы презумпциясы негізгі қағидаттардың бірі ретінде енгізілді. Бұл заңда көзделген жағдайлардан басқа, оның иелерінің иелігіндегі кез келген ақпараттың ашық екенін білдіреді.

Заңның 5-бабына енгізілген өзгерістер ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін нақтылайды. Енді шектеулер тек заңда нақты көзделген жағдайларда және конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында ғана енгізілуі мүмкін. Шектеулер уақытша сипатта болып, тек заңмен бекітілген критерийлерге сәйкес келетін ақпарат бөлігіне қатысты қолданылуы тиіс.

Заңның 6-бабына енгізілген өзгерістер ерекше маңызды. Онда шектеуге болмайтын әлеуметтік маңызы бар ақпараттың тізбесін кеңейтетін өзгерістер көрсетілген. Атап айтқанда, бұл мемлекеттік органдардың инвестициялық жоспарларының орындалуы туралы деректерге, электр желілері объектілерінің меншігіне және цифрлық активтердің жай-күйі туралы статистикалық ақпаратқа қатысты.

Біз Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі және басқа да органдардың өздерінің ашық отырыстарын трансляциялап, олардың жазбаларын интернет-ресурстарда жариялауды міндеттейтін жаңа нормалардың енгізілуінқұптаймыз.

Сонымен қатар, заңда ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептерді жариялауды және ашық деректер тізімдерін бекітуді жүзеге асыратын уәкілетті орган құру көзделген.

Заңда ақпарат бермеу немесе оған заңсыз шектеу қою үшін жауапкершілік нақты көрсетілмеген. Дегенмен, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау заңнаманың сақталуын тексереді.

Біз мемлекеттік органдарды белгіленген нормаларды қатаң сақтауға шақырамыз. «Әділ сөз» қоры бұл өзгерістер Қазақстандағы журналистиканың нығаюына ықпал етеді деп сенеді. Біз заңның қолдану тәжірибесін бақылауды жалғастырып, оны одан әрі жетілдіруге үлес қосуды мақсат етеміз.
 
group-telegram.com/adil_soz/1614
Create:
Last Update:

BY Әділ сөз

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/adil_soz/1614

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

In a statement, the regulator said the search and seizure operation was carried out against seven individuals and one corporate entity at multiple locations in Ahmedabad and Bhavnagar in Gujarat, Neemuch in Madhya Pradesh, Delhi, and Mumbai. For tech stocks, “the main thing is yields,” Essaye said. These entities are reportedly operating nine Telegram channels with more than five million subscribers to whom they were making recommendations on selected listed scrips. Such recommendations induced the investors to deal in the said scrips, thereby creating artificial volume and price rise. Such instructions could actually endanger people — citizens receive air strike warnings via smartphone alerts. I want a secure messaging app, should I use Telegram?
from tr

Telegram Әділ сөз
FROM American