Warning: mkdir(): No space left on device in /var/www/group-telegram/post.php on line 37

Warning: file_put_contents(aCache/aDaily/post/peruash/--): Failed to open stream: No such file or directory in /var/www/group-telegram/post.php on line 50
Азат Перуашев | Telegram Webview: peruash/9848 -
Telegram Group & Telegram Channel
“Жер қойнауы туралы” Кодексін талқылау барысында жария етілген “Ақ жол” фракциясының ұстанымы

«Ақ жол» фракциясы аталмыш заң жобасын қолдап, оның әзірленуіне мұрындық болған бастамашыларына алғыс айтады.
 
Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану тақырыбы құжатта көтерілген мәселелерден әлдеқайда ауқымды деп есептейміз.
Әсіресе, былтырғы жылы референдумда қабылданған Республика Конституциясының жаңа редакциясын ескерсек.
 
Естеріңізге сала кетейік, Конституцияның жаңа редакциясының 6-бабының 3-тармағына сәйкес «Жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі».
 
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы қаралып жатқан заң жобасына 15-ке жуық түзетулерін жолдады. Бұл түзетулер үш негізгі мәселені қамтиды:
 
1. Өнімді бөлу туралы Келісімдердің (ӨБК) шарттарын жариялау. Соңғы уақытта БАҚ-та (атап айтқанда, ОРДА.кз сайтында) ӨБК-ның тонаушылық шарттары туралы ақпараттар жарияланған, соған сәйкес, Қазақстан Қашаған сияқты ірі кен орнынан өндірілетін мұнайдан  мардымсыз үлес алады.
«Ақ жол» демпартиясы бір жылдан астам уақыт бойы Үкіметтен бұл ақпаратты не растауды, не жоққа шығаруды, ал, расталған жағдайда аталмыш шарттарды қайта қарауды сұрауда.
Біз, сондай-ақ, алдағы уақытта жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында қоғам үшін жабық баптар мен нормаларды қолдануға тыйым салуды талап етеміз.
 
2. Конституцияның дәл сол нормасына сай, «Ақ жол» демпартиясы стратегиялық шикізаттық кен орындардағы Қазақстанның үлесін 51%-дан аз болмауы талабын заңмен белгілеуді ұсынады;
 
3. Сонымен қатар, шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларға халқымызға тиесілі табиғи байлықтарымызды өндіріп, сатуды ғана емес, қазақстандық экономиканың дамуына сүбелі үлес қосуды, соның ішінде, техника мен жабдықтардан бастап отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алуды, оларға жер қойнауын пайдаланушылардың өздері қолданатын ауыстырылатын қосалқы бөлшектер мен детальдерді шығаруға қажетті құжаттарды беруге септесуді ұсынамыз. Сол арқылы шикізат алпауыттары қалпына келмейтін қорымызды өндіріп ғана қоймай, Қазақстанның технологиялық дамуына серпін берер еді.
 
Өкінішке орай, үкімет біздің бір ғана ұсынысымыздан өзге көпшілік ұсыныстарымызға теріс қорытынды берді.
 
Ұсыныстарымзға қарсылық танытып отырғандардың бірінші уәжі – «ӨБК-ны Кодекстен алып тастаған-мыс, сондықтан, бұл мәселені енді қозғаудың қажеті жоқ».
Ия, Кодекске сай жаңа ӨБК болмайды. Алайда, ескі ӨБК-нің ешкім күшін жойған жоқ, олар 2033 және 2041 жылдарға дейін қолданыста болады. Сондықтан, оларды Қазақстан халқының пайдасы үшін жариялап, қайта қарау туралы ұсыныс әлі 10-20 жыл өзекті болмақ. Осыған орай, біз қолданыстағы ӨБК-ларға қатысты түзетулер енгізуді талап етіп отырмыз.
 
Қарсыластарымыздың екінші уәжі - халықаралық құқыққа сай ӨБК шарттарын жариялауға болмайды-мыс.
Шенеуніктердің логикасына сай, жер қойнауының иесі (Қазақстан халқы) шетелдіктердің өз меншіктерін қалай пайдаланып жатқанын білмеуі керек. Бұл үйіңізге әлдебіреудің келіп, жылдар бойы мал-мүлкіңізді сатып, ойына келгенін істеп, іргетасын талқандап кетуімен пара-пар. Ал,  «мынау не істеп жатыр?» деген сұрағыңызға, заңгерлер «Сіздің оны білуге һақыңыз жоқ!» деп жауап қайырады.
Бұл біреулерге ұнайтын шығар, бірақ «Ақ жол» фракциясы мұндай жағдаймен еш келіспейді.
Біз осы жер қойнауларының иесі ретіндегі халқымызға қатысты әділетсіз шарттарды болған жағдайда ол ӨБК-лардың өзін заңсыз деп санаймыз. Ал, ол үшін қоғам ӨБК шарттарын өздері білуі керек. Сондықтан, біз оларды жариялауды талап етеміз.
 
Конституцияға сәйкес, Қазақстанда халықаралық шарттар парламент оларды ратификациялаған жағдайда ғана ұлттық заңнамадан үстем бола алады.
ӨБК Парламентте талқыланбаған және ратификацияланбаған, сондықтан олар біздің заңдарымыз бен Конституциямызға бағынуы керек.
Егер шенеуніктер бұл халықаралық шарттарды бұзып жатыр десе, онда біз шенеуніктерді Ата заңымызды бұзды деп айыптаймыз. Кімге қызмет ететіндеріңізді анықтап алыңыздар, шенеунік мырзалар. Өз еліңізге ме, өзге біреуге ме?
 
Біздің Конституцияның жер және жер қойнауы туралы нормасы біреуге ұнайтынын не ұнамайтынын талқылауға да құқымыз жоқ.

group-telegram.com/peruash/9848
Create:
Last Update:

BY Азат Перуашев

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/peruash/9848

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Emerson Brooking, a disinformation expert at the Atlantic Council's Digital Forensic Research Lab, said: "Back in the Wild West period of content moderation, like 2014 or 2015, maybe they could have gotten away with it, but it stands in marked contrast with how other companies run themselves today." The last couple days have exemplified that uncertainty. On Thursday, news emerged that talks in Turkey between the Russia and Ukraine yielded no positive result. But on Friday, Reuters reported that Russian President Vladimir Putin said there had been some “positive shifts” in talks between the two sides. "The argument from Telegram is, 'You should trust us because we tell you that we're trustworthy,'" Maréchal said. "It's really in the eye of the beholder whether that's something you want to buy into." Meanwhile, a completely redesigned attachment menu appears when sending multiple photos or vides. Users can tap "X selected" (X being the number of items) at the top of the panel to preview how the album will look in the chat when it's sent, as well as rearrange or remove selected media. In 2014, Pavel Durov fled the country after allies of the Kremlin took control of the social networking site most know just as VK. Russia's intelligence agency had asked Durov to turn over the data of anti-Kremlin protesters. Durov refused to do so.
from tr

Telegram Азат Перуашев
FROM American