Telegram Group & Telegram Channel
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

📌 Су тасқыны жағдайы тек жағымсыз салдар әкелген жоқ, сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинақтауға мүмкіндік берді.

Мысалы, егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам көлемді құрады.

🔵 Бұл ретте республиканың су шаруашылығы құрылыстары ең жоғары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызып жіберуді қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшылық туындаған су нысандарына (көлтабандар, су басқан шалғындар, көлдер) жіберуге мүмкіндік берді. Мәселен, Астана су қоймасын тасқын сумен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, осылайша су қоймасын Қ. Сәтбаев атындағы канал арқылы толтыру қажеттілігі жойылды.

Сондай-ақ су тасқыны экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді, тасқын суды көптен бері су бармаған жерлерге бағыттады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су жетті.

📍 Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Соның арқасында, су жолын қадағалау тарихында алғаш рет Сарысу өзені арқылы су Қызылорда облысының көл жүйелеріне жетті.

🔷 Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су, оның ішінде 3,3 млрд м3 су тасқыны кезінде жіберілді, Каспий теңізіне – 7,4 млрд м3.

✔️ 2024 жылдың қыркүйек айының басында жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығына 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпте 3,7 млрд м3 су пайдаланылды.

📍 Сонымен қатар Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданының Чкалов және Садовое (Самарқанд су қоймасының төменгі ағысы), Нұра ауданының Байтуған және Тассуат елді мекендеріне жақын Нұра өзенінің учаскелерін санациялау жұмыстары уақтылы орындалды, сондай-ақ Абай ауданының (Жартас су қоймасының төменгі ағысы) елді мекендерінің маңындағы Шерубай-Нұра өзенінің жалпы ұзындығы 68 км болатын учаскелерін санациялау бойынша жасалған жұмыстар секундына 1,2 мың м3 тасқын суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және елді мекендердің су басуына жол бермеді.

🔵 Болашақта тасқын суды жинауды және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін көлемі 2,6 млрд м3 болатын 42 жаңа су қоймасын салу, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд м3 болатын 37 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ шамамен 14,5 мың км болатын ирригациялық каналдарды салу және реконструкциялау жоспарлануда. Бұл іс-шаралар Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/14837
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/14837

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

NEWS On Feb. 27, however, he admitted from his Russian-language account that "Telegram channels are increasingly becoming a source of unverified information related to Ukrainian events." In February 2014, the Ukrainian people ousted pro-Russian president Viktor Yanukovych, prompting Russia to invade and annex the Crimean peninsula. By the start of April, Pavel Durov had given his notice, with TechCrunch saying at the time that the CEO had resisted pressure to suppress pages criticizing the Russian government. Artem Kliuchnikov and his family fled Ukraine just days before the Russian invasion. But the Ukraine Crisis Media Center's Tsekhanovska points out that communications are often down in zones most affected by the war, making this sort of cross-referencing a luxury many cannot afford.
from tw

Telegram UKIMET
FROM American