group-telegram.com/KZgovernment/15762
Last Update:
📌 Аптаны дәстүрлі жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз
🔸Үкімет отырысы: экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселелері қаралды
✔️Премьер-министр: Мемлекеттік органдар «бюрократияға мүлде жол жоқ» қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс
✔️Елімізде 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі
✔️Олжас Бектенов инвесторларға қолдау көрсету туралы: Бизнестің бастамалары ведомстволардың арасындағы өзара байланыстардың нашарлығынан зардап шекпеуі тиіс
🔸Елімізде Екібастұз, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Түркістандағы бес теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталды
🔸«Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары: Комиссия тау-кен қазбасында метанның жиналуы мен бөлінуі, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы сияқты апаттың негізгі себебін анықтады
🔸Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді
🔸Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді:макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие саясаты мен фискалды саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды
🔸Үкіметте экономиканы ырықтандыру және жекешелендірудің қарқыны мәселелері қаралды
🔸Инвестициялық ынтымақтастық:
✔️Премьер-министр ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды
✔️Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады
✔️ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Gezhouba Group басшылығымен кездесу өткізді: Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқыланды
🔸Премьер-министр FAO-ның өңірлік өкілі Виорел Гуцумен кездесті: АӨК және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық келешегі қарастырылды
🔸Халықаралық қатынастар. Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды: Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Премьер-министр Әли Асадовпен кездесулер өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды
🔸Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді
BY UKIMET
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/15762