Notice: file_put_contents(): Write of 1523 bytes failed with errno=28 No space left on device in /var/www/group-telegram/post.php on line 50
Warning: file_put_contents(): Only 12288 of 13811 bytes written, possibly out of free disk space in /var/www/group-telegram/post.php on line 50 Азат Перуашев | Telegram Webview: peruash/12604 -
Әлеуметтік алшақтық: әр қазаққа мүмкіндік беру – уақыт талабы
«Ақ жол» демкоратиялық партиясының депутаттық сауалы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т. Б. Дүйсеноваға
Автор – Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына әсер ететін аса маңызды проблемалардың бірі болып, байлар мен кедейлер арасындағы өмір сүру деңгейінің жинақталған алшақтығы табылады. 2022 жылғы 21 қаңтарда Президент Қ. Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында, халықаралық сараптамалық ұйымдардың деректері бойынша, ел байлығының жартысына тек 162 адам иелік ететінін, ал халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын атап өткен болатын.
Мұндай жіктелу мен теңсіздікке жол беруге болмайды және ол қауіпті құбылыс. Мемлекет басшысы өзінің Жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде, ұлттық табысты әділ жолмен қайта бөлу қажеттілігі туралы да бірнеше рет мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайту мәселесі, әлі күнге дейін мемлекеттік органдар тарапынан кешенді және біртұтас көзқарасқа ие бола алмай отыр.
Бұл тұрғыда, жақсы шетелдік тәжірибе бар. Мәселен, АҚШ-та 8 беделді университетті біріктіретін «Айви Лигасы» («The Ivy League») жастарға, ата-аналарының жоғары білімі жоқ немесе мемлекеттік қызметте қызмет атқармаған қарапайым отбасылардан келген үміткерлерге артықшылық беру арқылы әлеуметтік теңсіздікті теңестіруге бағытталған арнайы грант бағдарламаларын ұсынады. Бұл әлеуметтік лифт жүйесі, жастарға сапалы білім алуға, беделді жұмысқа орналасуға, содан кейін өмірде лайықты орын табуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдер, мемлекеттік қызметке және ірі корпорацияларға қабылдау кезінде де қолданылады.
Қазақстанда, аз қамтылған халықты қолдау бойынша, мысалы, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), ауыл жастарына, мүгедектерге, көп балалы және толық емес отбасыларға арналған білім беру гранттары және т. б. сияқты жекелеген шаралар жүзеге асырылатындығын мойындау қажет. Алайда, біріншіден, олар біртұтас тұжырымдама құрамайды, екіншіден, ағымды қажеттілікке көбірек байланысып, әрі қарай жұмысқа орналасуға, өз ісін құруға немесе осындай азаматтардың кәсіби өсуіне қолданылмайды. Шын мәнінде, біздің «әлеуметтік лифт», дипломға дейін, жастардың болашақ тағдырына септігін тигізбей, тек бірінші қабатта ғана жұмыс істейді.
Экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлауды мақсат етіп қойған және әлемнің жетекші университеттерінде дарынды студенттерді оқытуға бағытталған «Болашақ» бағдарламасының өзі, табысы төмен үміткерлер үшін қол жетімді емес, өйткені оны алудың негізгі талаптарының бірі болып, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл мүлкі болуы қажет. Нәтижесінде ауқатты және аз қамтылған отбасылар арасындағы өмір сүру деңгейі мен сапасындағы әлеуметтік алшақтық азаймауда.
«Ақ жол» демпартиясы, қолданыстағы тәсілдерді әлеуметтік алшақтықты қысқарту жөніндегі бірыңғай кешенді бағдарламаға біріктіру, сондай-ақ оны қазақстандықтарға аман қалуға ғана емес, болашаққа сенімді қарауға мүмкіндік берген басқа да жобалармен толықтыру қажет деп санайды. Біз, аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарға қажетті шешімдерді қамтитын бірқатар шаралар әзірлеуді ұсынамыз: - кәсіптік және жоғары білім алу саласында; - мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі преференциялар; - ұлттық компанияларға жұмысқа орналасу кезінде; - өз бизнесін жүргізу үшін қолдау шаралары; - тұрғын үй мәселесін шешу және т.б..
«Әр қазақ менің жалғызым». Адамдарға өз таланттарын, амбицияларын жүзеге асыруға, өмірде лайықты орын табуға мүмкіндік беру керек.
Құрметпен, «Ақ жол» фракциясының депутаттары Е. Бейсенбаев А. Перуашев Д. Еспаева Қ. Иса Е. Барлыбаев С. Ерубаев

BY Азат Перуашев
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Perpetrators of such fraud use various marketing techniques to attract subscribers on their social media channels. Telegram Messenger Blocks Navalny Bot During Russian Election "The result is on this photo: fiery 'greetings' to the invaders," the Security Service of Ukraine wrote alongside a photo showing several military vehicles among plumes of black smoke. But because group chats and the channel features are not end-to-end encrypted, Galperin said user privacy is potentially under threat. But Telegram says people want to keep their chat history when they get a new phone, and they like having a data backup that will sync their chats across multiple devices. And that is why they let people choose whether they want their messages to be encrypted or not. When not turned on, though, chats are stored on Telegram's services, which are scattered throughout the world. But it has "disclosed 0 bytes of user data to third parties, including governments," Telegram states on its website.
from tw