📌Мәжіліс жаңа Бюджет кодексінің жобасын бірауыздан қабылдады
💠ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палата отырысында Бюджет кодексінің жобасын қарап, екінші оқылымда қабылдады.↪️Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген жаңа экономикалық бағыт, әлемдік саяси сын-тегеуріндер мен геосаяси конъюнктураның белгісіздігі мемлекетіміздің қаржылық орнықтылығын, тұрақтылығын және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін елдің бюджет саясатындағы өзгерістерді талап етті.
✅Жаңа Бюджет кодексінде мемлекет қаржысын басқарудың негізгі құралдарын белгілеуге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін олардың нәтижелілігін арттыруға арналған тәсілдер көрініс тапты.
➡️Бюджет кодексінің жобасында мыналар көзделген:🔵мемлекеттік қаржыны шоғырландырылған есепке алу. Бюджет кодексін реттеу мәні кеңейтіліп,бюджеттің өзінен басқа мемлекеттің бюджеттен тыс активтері мен міндеттемелерінің барлық түрлерін қамтиды;
🔵артық кезеңдер мен бюрократияланған рәсімдерді алып тастау есебінен мерзімдерін екі есе қысқарта отырып, бюджеттік процесті оңтайландыру;
🔵оңтайландырылған бюджеттік процесті ескере отырып, мемлекеттік органдардың назарын бюджеттіжоспарлау кезіндегі сараптамалық жұмыстарға аудару;
🔵бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі мен реттілігін қамтамасыз ету, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау сапасын арттыру;
🔵бюджеттік процеске қатысушылардың есептілігін, жауапкершілігін және бюджеттік процестің ашықтығын кеңейту.
✔️Бюджет кодексі жаңа редакцияда елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайла ржасауға мүмкіндік беріп, мемлекеттің экономикалық саясат пен әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыруына оң әсер етеді.
📄Мәжіліс қабылдаған
Бюджет кодексінің жобасы қарап, келісу үшін Сенатқа жіберілді.
📱 https://www.group-telegram.com/tw/presseconomy.com