Telegram Group & Telegram Channel
Қыздар педуниверситетінің студенттерімен кездесу маған ерекше оптимизм сыйлады. Соңғы үш-төрт жыл ішінде университеттің қалай өзгергенін, ал студенттердің көздерінде жалын пайда болғанын көру – үлкен қуаныш!

Университетке жаңа ректор келген кезде жағдай оңай болмаған: жүздеген миллион теңге қарыз, жалақыға қаражат жетіспеушілігі, тұрақсыздық. Бүгінде жағдай мүлдем басқаша. Барлық қиындықтар еңсеріліп қана қоймай, университет жаңа даму деңгейіне көтерілді.

Қазір бас ғимарат қаланың орталығында орналасқан, заманауи тоғыз қабатты ғимаратта. Жаңартылғаннан кейін кітапхананы тану мүмкін емес – ол интеллектуалдық орталыққа айналған. Оның жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат демеушілерден тартылды.

Университет Алматы облысында МЖӘ негізінде мектеп салуды бастады, бұл педагогикалық білім беру үшін өте маңызды. Сонымен қатар, жаңа жатақхана құрылысы да басталып жатыр. Оқу аудиториялары заманауи жиһазбен, компьютерлермен және зертханалық жабдықтармен жабдықталуда.

Тағы бір маңызды жетістік – университет Michigan State University және Гонконг университеттерімен стратегиялық серіктестік орнатты. Қазір Ұлыбританияның University of Sussex университетімен бірлескен PhD бағдарламасын іске қосу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл университет рекорд жаңартты: грантқа түскен студенттер саны ең жоғары деңгейге жетті! Бұл университетке деген үлкен сенімнің айқын көрінісі, әрі ол сенім толықтай орынды.

Ең қуантатыны – университет бір мезгілде инфрақұрылымды, білім беру бағдарламаларының мазмұнын және сапасын жетілдіруде.

group-telegram.com/aimagambetov/1135
Create:
Last Update:

BY AIMAGAMBETOV

Share with your friend now:
group-telegram.com/aimagambetov/1135

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

The gold standard of encryption, known as end-to-end encryption, where only the sender and person who receives the message are able to see it, is available on Telegram only when the Secret Chat function is enabled. Voice and video calls are also completely encrypted. Some people used the platform to organize ahead of the storming of the U.S. Capitol in January 2021, and last month Senator Mark Warner sent a letter to Durov urging him to curb Russian information operations on Telegram. "Your messages about the movement of the enemy through the official chatbot … bring new trophies every day," the government agency tweeted. And while money initially moved into stocks in the morning, capital moved out of safe-haven assets. The price of the 10-year Treasury note fell Friday, sending its yield up to 2% from a March closing low of 1.73%. These administrators had built substantial positions in these scrips prior to the circulation of recommendations and offloaded their positions subsequent to rise in price of these scrips, making significant profits at the expense of unsuspecting investors, Sebi noted.
from ua

Telegram AIMAGAMBETOV
FROM American