Telegram Group & Telegram Channel
⚡️ Антикор Вьетнамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарымен ынтымақтастықты нығайтуда

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша прогрессивті шетелдік тәжірибені зерделеу және енгізу бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда.

Төраға Асхат Жұмағали бастаған Агенттік делегациясы екіжақты өзара іс-қимылды нығайту мақсатында Вьетнамға алғашқы сапарын жасады.

Сапар аясында қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның өкілдері Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нгуен Хоа Бинмен, Коммунистік партия ОК Ішкі істер жөніндегі орталық комиссиясының Төрағасы, Жоғарғы Халық прокуратурасының Бас прокуроры, Қоғамдық қауіпсіздік министрі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа тартылған Бас мемлекеттік инспектормен және Әділет министрімен кездесулер өткізді.

Бұл кездесулер 2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарының нәтижесі болды.

2016 жылдан бастап Вьетнамда жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру белсенді басталды, оны 2024 жылы ВКП ОК жаңа Бас хатшысы жалғастырды.

Өздеріңіз білетіндей, ел басшылығының қолдауымен «Ыстық пеш» компаниясы іске асырылуда.

Бұл бастаманың мақсаты – мемлекеттік аппаратты сыбайлас жемқорлардан тазарту, сондай-ақ заңсыз алынған активтерді қайтару және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықты жүйеден «өртеу».

Сапар барысында Агенттік делегациясы Вьетнам мемлекеттік органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің негізгі тәсілдері мен тәжірибелерін егжей-тегжейлі зерделеді.

Өз кезегінде Асхат Жұмағали Қазақстан Президенті бекіткен жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға, цифрландыруды дамытуға, мемлекеттік аппарат жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ жазаның бұлтартпаушылық қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасын іске асыру нәтижелері туралы айтып берді.

Қазақстандық тәжірибе Вьетнам тарапының қызығушылығын тудырған шетелден активтерді қайтару мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Агенттігінің Төрағасы жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, тәжірибе алмасудың және екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Вьетнам тарапы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайту сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтіп, одан әрі өзара іс-қимылға дайындығын растады.

Ынтымақтастықты күшейту мақсатында өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға қол қою жоспарланған.

Бұл сапар өзара қарым-қатынастарды дамытудың жоғары деңгейін көрсетіп, екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдары үшін жаңа перспективалар ашты.

ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/pd7jiOYXuOjXyw

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/antikornews/7116
Create:
Last Update:

BY ANTIKOR 🇰🇿

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/antikornews/7116

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

The original Telegram channel has expanded into a web of accounts for different locations, including specific pages made for individual Russian cities. There's also an English-language website, which states it is owned by the people who run the Telegram channels. In the past, it was noticed that through bulk SMSes, investors were induced to invest in or purchase the stocks of certain listed companies. The War on Fakes channel has repeatedly attempted to push conspiracies that footage from Ukraine is somehow being falsified. One post on the channel from February 24 claimed without evidence that a widely viewed photo of a Ukrainian woman injured in an airstrike in the city of Chuhuiv was doctored and that the woman was seen in a different photo days later without injuries. The post, which has over 600,000 views, also baselessly claimed that the woman's blood was actually makeup or grape juice. The Securities and Exchange Board of India (Sebi) had carried out a similar exercise in 2017 in a matter related to circulation of messages through WhatsApp. Perpetrators of these scams will create a public group on Telegram to promote these investment packages that are usually accompanied by fake testimonies and sometimes advertised as being Shariah-compliant. Interested investors will be asked to directly message the representatives to begin investing in the various investment packages offered.
from ua

Telegram ANTIKOR 🇰🇿
FROM American