Telegram Group & Telegram Channel
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты электрондық ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сақтау (ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3, 5) тармақтары) және адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру (ҚК 218-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы) фактілері бойынша И.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Айыптаудың мәні
Сотталушы И. Telegram мессенджеріндегі "j" және "k" аккаунттарын пайдаланушылармен уағдаластық бойынша электрондық ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы Астана қаласының Үркер қалашығында есірткі зертханасын ұйымдастырып және альфа-PVP психотроптық затын 82,79 кг.мөлшерінде (аса ірі мөлшерде) өткізу мақсатында дайындап, сақтаған (ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3, 5) тармақтары).

Сонымен қатар, ол есірткі зертханасының жұмыс істеуі үшін психотроптық заттардың заңсыз айналымында өндірілген ақшаға жылжымайтын мүлік, яғни үй мен гараж сатып алған (ҚК 218-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы).

Сотталушының кінәсі есірткі зертханасын тінту хаттамасымен, психотроптық заттың түрі мен мөлшерін анықтаған сот-химиялық сараптамалардың қорытындыларымен, И.-дың Telegram мессенджеріндегі "j" және "k" аккаунттарын пайдаланушылармен хат алмасуымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы
Прокурор мүлкі тәркіленіп, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Жаза
Санкция:
✔️ ҚК 297-бабының 3-бөлігі мүлкi тәркiленiп, 10 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды;
✔️ ҚК 218-бабының 2-бөлігі мүлкі тәркіленіп, 3000-нан 7000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сот сотталушының кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Жаза тағайындау барысында сот жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін ескерді.

Сот үкімімен И. ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3, 5) тармақтары және 218-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және психотроптық заттардың заңсыз айналымында өндірілген ақшалай қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

https://www.group-telegram.com/ua/astanasottary.com

group-telegram.com/astanasottary/2745
Create:
Last Update:

BY АСТАНА СОТТАРЫ

Share with your friend now:
group-telegram.com/astanasottary/2745

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

In February 2014, the Ukrainian people ousted pro-Russian president Viktor Yanukovych, prompting Russia to invade and annex the Crimean peninsula. By the start of April, Pavel Durov had given his notice, with TechCrunch saying at the time that the CEO had resisted pressure to suppress pages criticizing the Russian government. Some privacy experts say Telegram is not secure enough Ukrainian forces have since put up a strong resistance to the Russian troops amid the war that has left hundreds of Ukrainian civilians, including children, dead, according to the United Nations. Ukrainian and international officials have accused Russia of targeting civilian populations with shelling and bombardments. The account, "War on Fakes," was created on February 24, the same day Russian President Vladimir Putin announced a "special military operation" and troops began invading Ukraine. The page is rife with disinformation, according to The Atlantic Council's Digital Forensic Research Lab, which studies digital extremism and published a report examining the channel. On Telegram’s website, it says that Pavel Durov “supports Telegram financially and ideologically while Nikolai (Duvov)’s input is technological.” Currently, the Telegram team is based in Dubai, having moved around from Berlin, London and Singapore after departing Russia. Meanwhile, the company which owns Telegram is registered in the British Virgin Islands.
from ua

Telegram АСТАНА СОТТАРЫ
FROM American