Telegram Group Search
ҚТЖ PRESS
Photo
🔹Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның пойыздары тұрақты әрі үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында шамамен 60 мың жолаушы Жаңа жылды жолда қарсы алады. Осы мерекелік күні жолаушылар арасында ең танымал бағыттар – Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей және Алматы–Семей.

🔹Теміржол қызметкерлері тәулік бойы үздіксіз еңбек етіп, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Ал пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1774 жолаушылар вагонының жолсерігі, жалпы саны 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді.

🔹Жолсеріктер арасында Жаңа жылды жыл сайын пойызда қарсы алатындар бар. Дәстүр бойынша түнгі сағат 00:00-де олар жақындарына қоңырау шалып, құттықтау сөздерін айтады. Содан соң, отбасысы жіберген жаңа жылдық суреттерді қарап отырып, жанұясының жылулығын сезінеді. Бұл сәттер олардың мерекелік көңіл-күйін сақтап, алға жетелейтін ерекше естеліктерге айналады.

🔹Жолсерік үшін ең маңыздысы – жолаушылардың межелі жеріне аман-есен, жайлы және қауіпсіз жетуі. Айта кетсек, жұмысқа шыққан жолсеріктер кесте бойынша жолда 15 күн бойы қызмет атқарады.



🔹В период Нового года казахстанские поезда продолжают свою работу без сбоев. Порядка 60 тысяч пассажиров проведут новогоднюю ночь в пути на поездах Национального перевозчика. В этот день казахстанцы чаще всего поедут по маршрутам Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей и Алматы–Семей.

🔹Ежегодно сотрудники железной дороги работают круглосуточно, чтобы обеспечить пассажирам комфорт и безопасность в пути. В новогоднюю ночь на вокзалах Казахстана будут дежурить 47 кассиров. На поездах в эту ночь будут работать 73 начальника поездов и 1774 проводникапассажирских вагонов, в целом это 115 поездных бригад.

🔹Среди проводников есть те, кто ежегодно встречает Новый год в поезде. В полночь по традиции они звонят родным и близким, чтобы поздравить их, а затем с теплотой пересматривают семейные фотографии. Сотрудники железнодорожного транспорта прилагают все усилия, чтобы каждый пассажир благополучно, комфортно и безопасно добрался до своего пункта назначения и смог встретить праздник рядом со своей семьей.

🔹Стоит отметить, что проводники, вышедшие на смену будут находиться в пути в течение 15 дней.
Forwarded from SAMRUK-KAZYNA official
Дарбаза–Мақтаарал жаңа теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстан арасын жақындатады

🛤️Жаңа теміржол желісінің құрылысы жүк тасымалын қазіргі Сарыағаш-Ташкент учаскесінен жаңа желіге ауыстыруға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және Өзбекстанға экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

➡️ Бұл мақсатта «Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы – «Қазақстан темір жолы» 286 миллиард теңгеге инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр.

Дарбаза-Мақтаарал жаңа желісі Түркістан облысының екі шалғай ауданы – Мақтаарал және Жетісай аудандарын Қазақстанның басқа аймақтарымен байланыстырады.

Бүгінгі таңда 203 шақырым жолдың шамамен 100 шақырымына рельс-шпалды тор төселді; 9,5 млн текше метр жер қазу жұмыстарының 1,4 млн текше метрі (немесе 15%) орындалды.

Жобаға 46 жол-құрылыс техникасы мен 70-тен астам адам жұмылдырылды.

📍Теміржол құрылысына жергілікті өндірушілердің материалдарын қолдану жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 3400 уақытша жұмыс орны, ал 2027 жылы қолданысқа берілетін кезде 500-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

🔘

Новая ж/д линия Дарбаза - Мактаарал сблизит Казахстан и Узбекистан

🛤️Строительство новой железнодорожной линии позволит переориентировать грузы с существующего участка Сарыагаш – Ташкент на новую ветку, разгрузить станцию «Сарыагаш» и увеличить экспортные перевозки в Узбекистан.

➡️ На эти цели «Қазақстан темір жолы» - портфельной компанией «Самрук-Қазына» - реализуется инвестпроект стоимостью 286 млрд тенге.

Новая линия Дарбаза – Мактаарал также соединит два отдаленных района Туркестанской области – Мактааральский и Жетысайский – с остальной частью Казахстана.

На сегодняшний день произведена сборка рельсошпальной решетки в объеме порядка 100 километров из 203 км; из 9,5 млн выполнено 1,4 млн кубов земляных работ (или 15%).

В реализации проекта задействованы 46 единиц дорожно-строительной техники и более 70 человек.

📍При строительстве железной дороги планируется использовать материалы местных производителей. На период строительства будет создано 3400 временных рабочих мест и более 500 рабочих мест - во время ввода в эксплуатацию, запланированного на 2027 год.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚТЖ PRESS
Photo
🚆Қазақстандық туристер «Jibek Joly 2.0» туристік пойызымен Алматыдан бес күндік саяхатқа аттанды. Маршрут Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкент қалаларын қамтиды. Тур 2025 жылдың 2-7 қаңтары аралығында өтеді, оған 110 жолаушы қатысуда.

🧳Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен тарихи орындар, Ташкентте Хазрати Имам кешені мен «Magic City» саябағы, ал Самарқандта Регистан алаңы мен Шахи-Зинда кешені қарастырылады. Шымкентте жолаушылар қала көрікті жерлерін аралайды.

ℹ️Тур ҚТЖ, Өзбекстан темір жолдары және мемлекеттік органдардың қолдауымен ұйымдастырылған.

🚆Туристический поезд «Jibek Joly 2.0» отправился из Алматы по маршруту «Алматы – Туркестан – Ташкент – Самарканд – Шымкент – Алматы». Пятидневное путешествие с 2 по 7 января 2025 года включает 110 пассажиров. Особенностью тура стало добавление Самарканда и Шымкента. Поезд состоит из новых вагонов с национальным интерьером: четыре купейных и вагон-ресторан.

🧳В Туркестане туристы посетят мавзолеи Ходжа Ахмета Ясави и Арыстан-баба, музей Отырар. В Ташкенте запланирована экскурсия по комплексу Хазрати-Имам, мавзолею Толе-Би, парку «Magic City». В Самарканде туристы увидят Регистан, Шахи-Зинда и Гур-Эмир. В Шымкенте — экскурсия по главным достопримечательностям.

ℹ️Тур организован ҚТЖ при поддержке партнеров из Казахстана и Узбекистана.
Биыл ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі салынып бітеді. Бұл жоба еліміздің көлік-транзит инфрақұрылымын түбегейлі өзгертеді. Осы бағыттағы темір жолдың жүк тасымалдау мүмкіндігі 5 есе артады, контейнер пойыздары жүкті бұрынғыдан едәуір жылдам жеткізетін болады. Бір айта кетерлігі, мұндай ауқымды жоба алғаш рет өз жобалаушыларымыздың, инженерлеріміз бен құрылысшыларымыздың күшімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ Алматы бекетін айналып өтетін темір жолдың құрылысы аяқталады. Бұл жоба Алматы темір жол торабына түсетін салмақты едәуір азайтып, жүк жеткізу мерзімін қысқартады. Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру үшін вагондар жаңартыла береді.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты

www.group-telegram.com/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет»

Интервью Главы государства газете «Ana tili»

www.group-telegram.com/aqorda_resmi
ҚТЖ PRESS
Касым-Жомарт Токаев: «Цель – укрепить экономику и суверенитет» Интервью Главы государства газете «Ana tili» www.group-telegram.com/aqorda_resmi
В этом году будет завершено строительство вторых путей железнодорожного участка «Достык – Мойынты» протяженностью 836 километров. Этот проект кардинально изменит транзитно-транспортную инфраструктуру страны. Пропускная способность маршрута увеличится в 5 раз, значительно вырастет скорость контейнерных поездов. Примечательно, что столь масштабный проект впервые реализован усилиями отечественных проектировщиков, инженеров, строителей.

Будет завершено строительство обводной железнодорожной линии станции Алматы, которая позволит разгрузить Алматинский железнодорожный узел и сократить время доставки грузов.

Для повышения качества пассажирских перевозок будет продолжено обновление вагонного парка.
ҚТЖ PRESS
Video
🚆Төрт өңірде тас жолдардың жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 адам тасымалданды.

🌬️Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы болып саналады.

ℹ️Бүгін Сарыбель, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды.

⚠️Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.



🚆Порядка 400 человек перевезены поездами Нацперевозчика в связи с закрытием трасс в четырех регионах.

🌬️В условиях закрытия автомобильных трасс и невозможности передвижения другим транспортом, поезда остаются самым надежным и безопасным видом транспорта.

ℹ️Сегодня, из-за временного закрытия трасс в ряде регионов, поездами Национального перевозчика было перевезено порядка 400 пассажиров со станций Сарыбель, Екибастуз, Ерейментау и Курорт-Боровое.

⚠️Работы по перевозке продолжаются. Национальный перевозчик призывает граждан соблюдать меры предосторожности и воздерживаться от дальних поездок без необходимости.
ҚТЖ PRESS
Video
🛤️ҚТЖ желісінде еліміздің барлық өңірлерінде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында кезекшілікке дайын 280-нен астам қар тазалайтын техника жұмылдырылған.

🌨️Қолайсыз ауа-райында теміржолшылар үздіксіз тасымалдау процесін ұйымдастыруға барынша күш салады. Теміржол инфрақұрылымын қардан тазарту бойынша жұмыстар үздіксіз тәулік бойы жүргізілуде.

ℹ️3-4 қаңтарға қараған түні Ақмола, Қостанай, Павлодар, Абай және Қарағанды өңірлеріндегі темір жолдарды тазарту үшін 11 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта күндізгі ауысымда 10 бірлік техника жұмыс істеуде.

🚨🚨🚨

🛤️На сети КТЖ во всех регионах страны на дежурстве находится более 280 единиц снегоочистительной и снегоуборочной техники, готовой к оперативному реагированию для обеспечения безопасного проезда поездов.

🌨️В сложных погодных условиях железнодорожники прилагают максимум усилий для организации бесперебойного перевозочного процесса. В круглосуточном режиме ведутся непрерывные работы по расчистке железнодорожной инфраструктуры от снега.

ℹ️В ночь с 3 на 4 января для расчистки железнодорожных путей в Акмолинском, Костанайском, Павлодарском, Абайском и Карагандинском регионах было задействовано 11 единиц техники. В настоящее время в дневной смене работает 10 единиц техники.
2025/01/06 01:44:25
Back to Top
HTML Embed Code: