group-telegram.com/GenPr/5614
Last Update:
Қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы
Азаматтардың құқықтарын тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратураның басшылығымен жеке қабылдау жүргізіледі.
Қайталанатын шағымдарды түпкілікті шешу үшін жұмыс тобы құрылған.
Қадағалау органының қызметкерлері арызданушылардың дәлелдерін міндетті түрде қылмыстық істерді талдап және зерделей отырып тексереді. Қажет болған жағдайда уәкілетті органдардан қосымша ақпарат сұралады. Негіздер болған жағдайда кассациялық наразылықтар енгізіледі.
2024 жылда түскен шағымдар мен арыздарда (4389) көбінесе заңсыз сотталу, материалдық және процестік заңнаманың дұрыс қолданылмауы немесе жазаның ауырлығы туралы көрсеткен.
Жолданымдарды қарау барысында 133 арызданушының дәлелдері расталып, 148 адамға қатысты наразылық енгізілді. 56 сотталушының жағдайы жақсартылды (8 адам ақталды, 48-інің жазасы жеңілдетілді). Тағы 12 іс бойынша сот актіліренің күші жойылып, жаңадан сот қарауына жіберілді.
Сонымен қатар жолданымдардың көпшілігінде қылмыстық іс материалдарын зерделеу кезінде объективті расталмаған дәлелдер бойынша шағымдалған.
Мысалы, сотталған адам шағымында іс-әрекетінің саралауына дау айтып, жәбірленушінің шабуылынан қорғанғанын алға тартып, оны өлтіруге ниеті болмағаны туралы дәлел келтірген.
Сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушіде 6 пышақ жарақаты анықталып, өкпені зақымдаған кеуде қуысының жарақатынанқан жоғалтуы оның өліміне себеп болған.
Жәбірленуші тарапынан сотталғанның өмірімен денсаулығына қандайда бір қауіп төнбегені анықталды. Керісінше, оның қайтыс болған адамды бірнеше рет соққаны, өмірлік маңызды органдарына дене жарақаттарын салғаны, қылмыстан кейінгі мінез-құлқы (көмек көрсетпестен қылмыс орнынан қашып кеткен) жәбірленушінің қасақана өлтірілгенін көрсетті.
Қабылдау кезінде әрбір арыз иесінің дәлелі мұқият тексеріледі және оған шешімдердің мәнімен қатар оны шешудің ықтимал құқықтық жолдары түсіндіріледі.
Мысалы, мүлікке қатысты дауды ұзақ уақыт шеше алмаған арызданушы алғыс хат жолдаған. Бас прокуратура қылмыстық заңнаманың нормаларын түсіндіргеннен кейін ғана ол мүлікті тәркілеу түріндегі негізсіз тағайындалған қосымша жазаны жоюға қол жеткізе алды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
#Заңментәртіп
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП