Telegram Group & Telegram Channel
UKIMET
Алматының экологиялық бағдарламасы 📌 Алматы әкімі Ерболат Досаев Премьер-министрге «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда ауаның ластануын азайту, орман қорын дамыту, су ресурстарын тиімді…
Шығыс Қазақстан облысы: жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту

«Жасыл экономикаға» көшу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев баяндады. Өңірде 2030 жылға дейін жалпы қуаты 74,3 МВт болатын 5 ГЭС салу жоспарланған. Бүгінгі таңда облыста қуаты 1,6 ГВт болатын 8 энергия өндіруші ұйым жұмыс істейді, жаңартылатын энергия көздері жалпы көлемнің 4%-ын алады. Су ресурстарын басқаруға қатысты бүгінгі таңда егін алқаптарының 856 мың гектары тамшылату әдісімен суарылады. 2024 жылы халықты тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету үшін құны 15,4 млрд теңгені құрайтын 26 жобаның 11-і іске қосылды, 15 жоба бойынша жұмыстар 2025 жылы жалғасады. Ауыл тұрғындарының 98,3%-ы үшін таза ауыз сумен қамтамасыз ететін 220 шақырымнан астам су құбыры желілері салынды және жаңғыртылды.

✔️ Ермек Көшербаев қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударды. Өңірде жыл сайын 145 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар түзіледі, оның 22%-ы қайта өңделеді. 2025 жылы жылына 36 мың тонна қалдықты сұрыптауға, жылына 10 мың тонна тауарлық битум мен 10 мың тонна биоотын алуға мүмкіндік беретін жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

📊 Ауаның ластану деңгейін төмендету мақсатында бірқатар жоба іске асырылды. Заманауи технологияларды енгізудің арқасында 25 жыл ішінде «Қазмырыш» ірі кәсіпорнының шығарындылары 4 еседен астамға қысқарды. Бүгінгі таңда тау-кен металлургия кәсіпорны күкірт қышқылы зауытының қалдық газдарын толық тазарту қондырғысы құрылысын бастады, бұл атмосфераға бөлінетін күкірт диоксиді көлемін 1,6 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірдегі өндіріс орындары, соның ішінде Қазмырыш, ҮМЗ, Өскемен ЖЭО, Бұқтырма цемент кәсіпорны эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталған. Экологиялық жағдайға қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын «Өскемен тынысы» экологияны қорғау бюросы жұмыс істейді. Жалпы, соңғы жылдары облыс орталығында зиянды заттар көлемі 5,2 мың тоннаға немесе 9,5%-ға төмендеген.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/14877
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/14877

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

"He has kind of an old-school cyber-libertarian world view where technology is there to set you free," Maréchal said. Update March 8, 2022: EFF has clarified that Channels and Groups are not fully encrypted, end-to-end, updated our post to link to Telegram’s FAQ for Cloud and Secret chats, updated to clarify that auto-delete is available for group and channel admins, and added some additional links. READ MORE This ability to mix the public and the private, as well as the ability to use bots to engage with users has proved to be problematic. In early 2021, a database selling phone numbers pulled from Facebook was selling numbers for $20 per lookup. Similarly, security researchers found a network of deepfake bots on the platform that were generating images of people submitted by users to create non-consensual imagery, some of which involved children. Some people used the platform to organize ahead of the storming of the U.S. Capitol in January 2021, and last month Senator Mark Warner sent a letter to Durov urging him to curb Russian information operations on Telegram.
from us

Telegram UKIMET
FROM American