Telegram Group & Telegram Channel
Активтерді қайтару: Үкімет Ақтауда облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысын қаржыландыруға 4,6 млрд теңге бөлді
 
📌 Президенттің тапсырмасын орындау аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мақсатында Ақтауда жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге қауқарлы облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы салынады. Бұл мақсатқа Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлді.

🔷 Нысанның құрылысы Ақтау қаласының 34А шағын ауданында орналасқан 2,6 гектар жер учаскесінде жоспарланған. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының құрамына оқу-симуляциялық орталық, санитарлық көліктерге арналған жөндеу және жуу базасы енеді.

🔵 Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге деп бағаланған. Оның 100 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 10%-ды құрайды: жер қазу жұмыстары аяқталып, ішкі инженерлік желілердің құрылысы жүргізілді. Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат жобаны белгіленген кестеге сәйкес толық аяқтауға мүмкіндік береді.

🔵 Бүгінде Ақтауда 200 мыңға жуық адам тұрады. Аймақ бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Соңғы 7 жыл ішінде қалада 10 жаңа шағын аудан салынды. Жаңа жедел жәрдем стансасының құрылысы халықты қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

✔️ Қазіргі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына шамамен 55,2 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында 4 мектеп, оның біреуі 1 музыкалық мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, жатақхана және 2 балабақша бар. Сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық, Астана және Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынуда.

➡️ Жұмыс жалғасып жатыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/KZgovernment/15214
Create:
Last Update:

BY UKIMET

Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/15214

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Again, in contrast to Facebook, Google and Twitter, Telegram's founder Pavel Durov runs his company in relative secrecy from Dubai. But Telegram says people want to keep their chat history when they get a new phone, and they like having a data backup that will sync their chats across multiple devices. And that is why they let people choose whether they want their messages to be encrypted or not. When not turned on, though, chats are stored on Telegram's services, which are scattered throughout the world. But it has "disclosed 0 bytes of user data to third parties, including governments," Telegram states on its website. WhatsApp, a rival messaging platform, introduced some measures to counter disinformation when Covid-19 was first sweeping the world. But Kliuchnikov, the Ukranian now in France, said he will use Signal or WhatsApp for sensitive conversations, but questions around privacy on Telegram do not give him pause when it comes to sharing information about the war. In a statement, the regulator said the search and seizure operation was carried out against seven individuals and one corporate entity at multiple locations in Ahmedabad and Bhavnagar in Gujarat, Neemuch in Madhya Pradesh, Delhi, and Mumbai.
from us

Telegram UKIMET
FROM American