group-telegram.com/KZgovernment/15547
Last Update:
«Жомарт» шахтасындағы апаттың мән-жайы мен қауіпсіздік техникасы бұзылуының себептерін тексеру жөніндегі комиссия жұмысты 10 күнде аяқтауға тиіс
📌 Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішіндегі апаттың себептерін тексеру және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету жөніндегі Үкіметтік комиссия жұмысының барысы туралы баяндамасы тыңдалды.
Премьер-министрге Үкіметтік комиссия апаттың себептерін тергеу бойынша жұмысты бастағаны, тиісті сараптамалар жүргізілетіні баяндалды.
Комиссия басшысы мен мүшелері апат болған жерді қарап, қаза тапқандардың отбасыларымен кездесу өткізді.
Сондай-ақ Қазақмыс корпорациясы ұжымдық шартқа сәйкес көмек көрсетеді, оның ішінде жерлеуді ұйымдастыру, жылдық орташа жалақының 10 еселенген төлемі, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан қызметкерлердің несиелері мен қарыздарын өтеу бойынша көмек түрлері бар.
Жалпы тергеу нәтижелері комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ұсынылатын болады.