🔹Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын жаңа зауыт ашылды
✔️ Атырау қаласында мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын «Beruseal Caspian» зауытының ресми ашылуы өтті.
✔️ Бұл – отандық өндірісті дамыту және ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық тауарлардың үлесін арттыру жолындағы маңызды қадам.
✔️ Іс-шараға Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, Мұнай-газ машина жасауын дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың өкілдері, сондай-ақ ірі мұнай-газ компаниялары қатысты.
✔️ Бұған дейін Мемлекет басшысы отандық өндірісті дамыту, жаңа технологияларды тарту және жұмыс орындарын құру міндетін айтқан болатын. Бұл зауытты іске қосу импортқа тәуелділікті төмендетуге және жергілікті кәсіпорындарды дамытуға маңызды қадам болып табылады.
✔️ Жаңа кәсіпорында құбырларға арналған жылдам ажыратылатын қысқыштар мен оларды жөндеуге арналған композициялық материалдар өндіріледі. Бұрын бұл жабдық шетелден сатып алынатын, енді ол Қазақстанда шығарылатын болады.
✔️ Энергетика министрлігі Beruseal компаниясымен, сондай-ақ ірі мұнай-газ компаниялары және Мұнай-газ машина жасауын дамыту жөніндегі халықаралық орталықпен бірлесіп, локализация жоспарын әзірледі, онда технологияларды беру және бірлескен кәсіпорын ашу көзделген.
📌 Айта кету керек, 2021 жылдан бастап Қазақстан мұнай-газ саласындағы отандық өндіріс үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда халықаралық инвесторлар мен жабдық өндірушілерімен 24 келісім жасалып, 27 локализация жобасы әзірленді, олардың ішінде 7 зауыт іске қосылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸В Атырау открылся новый завод по производству оборудования для нефтегазовой отрасли
✔️ В городе Атырау состоялось официальное открытие завода «Beruseal Caspian», который будет выпускать оборудование для нефтегазовой отрасли. Это важный шаг для развития отечественного производства и увеличения доли казахстанских товаров в крупных нефтегазовых проектах.
✔️ На мероприятии присутствовали представители Министерства энергетики, Акимата Атырауской области, Международного центра развития нефтегазового машиностроения, а также ведущие нефтегазовые компании.
✔️ Ранее Главой государства была озвучена задача развивать отечественное производство, привлекать новые технологии и создавать рабочие места. Запуск данного завода – важный шаг к снижению зависимости от импорта и развитию местных предприятий.
✔️ Новое предприятие займется выпуском быстроразъемных зажимов для трубопроводов и композитных материалов для их ремонта. Ранее такое оборудование закупалось за рубежом, а теперь оно будет производиться в Казахстане.
✔️ Министерством энергетики РК совместно с компанией Beruseal, а также крупнейшими нефтегазовыми компаниями и Международным центром развития нефтегазового машиностроения был разработан план по локализации, в котором предусматривалось передача технологий и открытие совместного предприятия.
📌 Стоить отметить, что с 2021 года Казахстан активно работает над увеличением доли отечественного производства в нефтегазовом секторе. На сегодняшний день заключено 24 соглашения с международными инвесторами и производителями оборудования, разработано 27 проектов по локализации, из которых 7 заводов уже запущены.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі инфрақұрылымда полимерлік құбырларды қолдану мәселесін талқылады
✔️ Бүгін Polytech Astana зауытында ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен KMG PetroChem ұйымдастырған көшпелі кеңес өтті. Кеңеске ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов қатысып, полимерлерді қайта өңдеуді дамыту және заманауи шешімдерді инфрақұрылымдық жобаларда қолданудың маңыздылығын атап өтті.
✔️ Вице-министр заманауи полимерлік шешімдерді құрылыспен инженерлік желілерді жаңғыртуда қолдану олардың қызмет ету мерзімін ұзартуға, пайдалану шығындарын қысқартуға және бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ол өндірістік әлеуеті жеткілікті отандық өндірушілерге қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
⏩ Негізгі шешімдер:
🔵 Отандық өндірушілерді ынталандыру және оларды мемлекеттік сатып алуларға қатысуға қолайлы жағдай жасау механизмдерін әзірлеу.
🔵 Полимерлік құбырлардың сапасын бақылау шараларын күшейту және жалған өнімдермен күресу.
🔵 Ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттарды енгізуді қарастыру, бұл тұрақты сұранысты қамтамасыз етіп, бағаның құбылуын азайтады.
🔵 Полимерлік құбырлардың артықшылықтары туралы мемлекеттік тапсырыс берушілер мен өндірушілердің хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен семинарлар өткізу.
🔵 Полимерлік құбырларды инфрақұрылымдық жобаларға енгізу бойынша кешенді шаралар әзірлеу, соның ішінде талдамалық материалдар мен сараптамалық қорытындылар дайындау.
📌 Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға және белгіленген қадамдарды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Қабылданған шешімдерді енгізу инженерлік желілердің сенімділігін арттырып, отандық өндірісті дамытуға серпін беріп, инфрақұрылымды пайдалану бойынша мемлекеттік шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс салалық қауымдастықтар және бизнес-қауымдастықпен бірлесе жалғасатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸Министерство энергетики РК обсудило применение полимерных труб в инфраструктуре
✔️ Сегодня на заводе Polytech Astana прошло выездное совещание, организованное KMG PetroChem при поддержке Министерства энергетики РК. В совещании принял участие Вице-министр энергетики РК Ерлан Аккенженов, который отметил важность государственной поддержки переработки полимеров и применения современных решений в инфраструктурных проектах.
✔️ Вице-министр также подчеркнул, что использование современных полимерных решений в строительстве и модернизации инженерных сетей позволяет значительно увеличить их срок службы, сократить эксплуатационные расходы и снизить нагрузку на бюджет. Он отметил необходимость создания благоприятных условий для отечественных производителей, которые обладают достаточными мощностями, но нуждаются в дополнительной поддержке.
⏩ Основные решения:
🔵 Разработка механизмов стимулирования отечественного производства и создания благоприятных условий для участия локальных компаний в государственных закупках.
🔵 Усиление мер по контролю качества и борьбе с фальсификацией полимерных труб.
🔵 Рассмотрение внедрения долгосрочных оффтейк-контрактов с отечественными производителями для обеспечения стабильного спроса и снижения ценовых колебаний.
🔵 Проведение образовательных программ, семинаров и рабочих встреч для государственных заказчиков и производителей, направленных на повышение осведомленности о преимуществах полимерных труб.
🔵 Разработка комплекса мер по продвижению полимерных труб в инфраструктурные проекты, в том числе через аналитические материалы и экспертные заключения.
📌 По итогам совещания участники выразили готовность к дальнейшему взаимодействию и реализации намеченных шагов. Внедрение принятых решений позволит повысить надежность инженерных сетей, стимулировать развитие отечественного производства и сократить государственные расходы на эксплуатацию инфраструктуры. Работа в данном направлении будет продолжена совместно с отраслевыми ассоциациями и бизнес-сообществом.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Энергетика министрі А. Сәтқалиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
***
⚜️Министр энергетики А. Саткалиев посетил Жамбылскую область с рабочим визитом
***
⚜️Министр энергетики А. Саткалиев посетил Жамбылскую область с рабочим визитом