group-telegram.com/aimagambetov/1183
Last Update:
Мемлекет басшысы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл туралы маңызды заңға қол қойды
Заңға біздің авторлық түзету енгізілді. Ол есірткі бизнесіне қатысқан немесе оған қолдау көрсеткен лауазымды тұлғаларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Лауазымды тұлғалар, соның ішінде құқық қорғау саласының шенділері, өз өкілеттіктерін пайдаланып, есірткі саудасына қолдау көрсеткен жағдайда, бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.
Сондықтан біз мұндай қылмыскерлерге ең қатаң жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыруды енгізуді ұсындық.
Сонымен қатар заңда:
• Есірткі өндіру және сату үшін жазаны айтарлықтай қатаңдату;
• Қылмысты алғаш рет жасаған, ауырлататын мән-жайсыз «закладчиктерге» жеңілдетілген жаза қолдану нормалары қарастырылған.
Енді мұндай қылмыс жасағандар үшін 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы белгіленген (бұрын — 5 жылдан 10 жылға дейін).
Бұл заң есірткі саудасына қарсы күресте және еліміздің қауіпсіздігін нығайтуда маңызды қадам болып табылады.
https://www.group-telegram.com/aqorda_resmi/22245
BY AIMAGAMBETOV
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/aimagambetov/1183