group-telegram.com/KZgovernment/14494
Last Update:
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыруды күшейту және өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетін ашу жөнінде кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған, өңірлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және стратегиялық мәселелерді шешу арқылы орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау. Маңғыстау облысы әкімінің, салалық министрліктер басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Көлік және логистика, отын-энергетика кешені, коммуналдық инфрақұрылым, туристік кластерді қосқанда, облыс экономикасының негізгі салаларын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.
✔️ Премьер-министрге Маңғыстау облысының 2021-2023 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өңірлік өнімнің 50%-ға – 4,5 трлн теңгеге дейін өсуін қамтамасыз еткені баяндалды.
✔️ 2025 жылға дейінгі кезеңде 1,8 трлн теңге сомасына 259 іс-шараны іске асыру көзделген.
Маңғыстау облысының еліміздегі көлік-логистика саласы үшін стратегиялық маңызын ескере отырып, республикалық маңызы бар ұзындығы 680 шақырымды құрайтын автожолдар учаскелерін жоспарлы реконструкциялауды қосқанда, Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу және басқа да инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. Теңіз портын, әуе және теміржол инфрақұрылымын кеңейту, түрлі қызмет көрсету және олардың сапасын арттыру басымдыққа ие болуы тиіс.
✔️ Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68%-ға, ал контейнерлік тасымалдау 2,7 есеге артқанын баяндады.
✔️ Теміржол көлігімен 2,3 млн тонна, теңіз жолымен — 6,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.
📌Премьер-министр Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту қажеттігіне тоқталды. Көлік министрлігіне Энергетика министрлігімен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп өңірге авиаотынды тікелей жеткізу, сондай-ақ шетелдік авиакомпанияларды тарта отырып, жаңа бағыттар бойынша субсидияланатын ішкі авиарейстерді ұлғайту мәселелерін пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар Маңғыстау облысына басқа өңірлерден жолаушылар маршруттарын көбейту үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту маңызды.
Олжас Бектенов «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағын кеңейту үшін әлеуетті инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңызына назар аударды. Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында облыс тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын ашу маңызды. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 525 жұмыс орнын ашқан 14 жоба іске қосылды⬇️
BY UKIMET
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/KZgovernment/14494