Telegram Group & Telegram Channel
⚡️ Академия түлектері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарын толықтырды

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларының бітіруіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Академия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы, оқу орнының оқытушылары, түлектер мен олардың ата-аналары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, профессор-оқытушылар құрамына алғыс білдірді.

Сонымен қатар Дархан Құрақбаев шені бар қызметкерлер мінсіз беделге, жеке абыройға, адал ар-ожданға және әділдікке ие болу керектігін атап өтті. Нағыз офицердің негізгі қасиеті – ерлік пен ар-намыс.

Біздің орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алғы шебінде тұрғандықтан, бұл қасиеттер аса маңызды. Азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту – жұмыстағы басты бағдар болуы тиіс.

Төрағаның орынбасары жас мамандардың жоғары тәртіп стандарттарын, офицерлік абырой мен мәдениетті көрсетіп, үлгі болатынына сенім білдірді. Түлектерге әділдік пен құқықтық тәртіпті қорғауға әрқашан дайын нағыз маман әрі шынайы патриот болуды тіледі.

Сондай-ақ, оқу үлгерімі бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген бес үздік түлекке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына түсуге ниет білдірген 380 үміткердің 124-і түсу емтиханына жетті, оның тек 50-і ғана ең жоғары балл жинап, Академияға қабылданды.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/antikornews/6958
Create:
Last Update:

BY ANTIKOR 🇰🇿

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/antikornews/6958

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

At this point, however, Durov had already been working on Telegram with his brother, and further planned a mobile-first social network with an explicit focus on anti-censorship. Later in April, he told TechCrunch that he had left Russia and had “no plans to go back,” saying that the nation was currently “incompatible with internet business at the moment.” He added later that he was looking for a country that matched his libertarian ideals to base his next startup. The message was not authentic, with the real Zelenskiy soon denying the claim on his official Telegram channel, but the incident highlighted a major problem: disinformation quickly spreads unchecked on the encrypted app. In a message on his Telegram channel recently recounting the episode, Durov wrote: "I lost my company and my home, but would do it again – without hesitation." But Kliuchnikov, the Ukranian now in France, said he will use Signal or WhatsApp for sensitive conversations, but questions around privacy on Telegram do not give him pause when it comes to sharing information about the war. "For Telegram, accountability has always been a problem, which is why it was so popular even before the full-scale war with far-right extremists and terrorists from all over the world," she told AFP from her safe house outside the Ukrainian capital.
from ye

Telegram ANTIKOR 🇰🇿
FROM American