Telegram Group & Telegram Channel
👨‍💼 Қазақстандағы еңбек нарығындағы жаңа трендтер

Әлемдік еңбек нарығы технологиялық прогресс, «жасыл» ауысу, сондай-ақ экономикалық және демографиялық факторлардың әсерінен елеулі өзгерістерге ұшырауда. Кәсіптердің мазмұны өзгеріп, экономикалық құрылымдық өзгерістер кейбір мамандықтардың жойылуына және бұрын болмаған жаңа мамандықтардың пайда болуына әкелуде. Дүниежүзілік экономикалық форумның соңғы болжамына сәйкес, алдағы 5 жыл ішінде әлемде шамамен 170 миллион жаңа жұмыс орны құрылады. Алайда бұл өсім 92 миллион жұмыс орнының қысқаруымен ішінара өтеледі деп күтілуде.

Қазақстан да еңбек нарығының трансформациясына тап болуда, бұл мемлекет пен бизнестің бейімделуін талап етеді.

Қазақстандағы еңбек нарығының динамикасы

Соңғы 10 жылдағы деректерді талдау Қазақстанның еңбек нарығындағы тұрақты үрдістерді көрсетеді. COVID-19 пандемиясы сияқты сыртқы факторларға қарамастан, жұмыс күшіне қатысу деңгейі салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. Сонымен қатар нарықта жұмыспен қамтудың жаңа түрлері пайда болуда.

Біріншіден, соңғы жылдардың негізгі трендтерінің бірі – қашықтан жұмыс істеу. Пандемия IT және білім беру салаларында қашықтан жұмыс істеу форматын жедел енгізуге ықпал етті. Мысалы, 2023 жылы елдегі қашықтан жұмыс істейтін адамдар саны 42 мыңнан асты. Ал ең жоғары көрсеткіш қатаң карантин кезеңінде – 2020 жылдың бірінші және екінші тоқсандарында тіркелді. Сондай-ақ, қашықтан жұмыс істейтіндердің басым бөлігі ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда тұрады.

Қашықтан жұмыс істеу заңнамалық реттеуге де ие болды. 2021 жылы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, «қашықтан жұмыс істеу» және «аралас қашықтан жұмыс істеу» ұғымдары пайда болды. Бұл қызметкерлерге жұмыс берушінің орналасқан жерінде де, одан тыс жерлерде де еңбек етуге мүмкіндік берді.

Бұл жұмыспен қамту түрі болашақта да дами бермек. Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары қашықтан жұмыстың жаһандық әлеуетін 18% деңгейінде бағалап отыр, бұл пандемияға дейін қашықтан еңбек еткен қызметкерлер үлесінен шамамен 6 есе жоғары.

Екіншіден, цифрлық платформалар мен бірлескен тұтыну экономикасының (gig economy) дамуы платформалық жұмыспен қамтудың өсуіне алып келді. Қазақстанда еңбек нарығына цифрлық платформалар (Yandex, Glovo, Wolt және т.б.) арқылы қосылатын жұмысшылар саны артып келеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бағалауы бойынша, бүгінде бұл жұмыспен қамту түрі шамамен 500 мың қазақстандық үшін табыс көзі болып табылады. Әлеуметтік кодекстің қабылдануы платформалық жұмыскерлерді ресми түрде мойындауға және оларға әлеуметтік кепілдіктер беруге мүмкіндік жасап, олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етті.

Осылайша, еңбек нарығының болашағы демографиялық және технологиялық факторлардан бастап түрлі ықпалдарға тәуелді болады. Қазақстанның жаңа сын-тегеуріндерге сәтті бейімделуі үшін құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру және адами капиталды дамытуға инвестиция салу негізгі басымдықтардың бірі болмақ.

Анна Альшанская, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM

group-telegram.com/kisi_kz/3004
Create:
Last Update:

BY КИСИ inform

Share with your friend now:
group-telegram.com/kisi_kz/3004

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

Such instructions could actually endanger people — citizens receive air strike warnings via smartphone alerts. Pavel Durov, a billionaire who embraces an all-black wardrobe and is often compared to the character Neo from "the Matrix," funds Telegram through his personal wealth and debt financing. And despite being one of the world's most popular tech companies, Telegram reportedly has only about 30 employees who defer to Durov for most major decisions about the platform. Artem Kliuchnikov and his family fled Ukraine just days before the Russian invasion. "The result is on this photo: fiery 'greetings' to the invaders," the Security Service of Ukraine wrote alongside a photo showing several military vehicles among plumes of black smoke. Now safely in France with his spouse and three of his children, Kliuchnikov scrolls through Telegram to learn about the devastation happening in his home country.
from ye

Telegram КИСИ inform
FROM American