group-telegram.com/mazhilis_kz/11336
Last Update:
Депутаттар жасанды интеллект туралы заң жобаларын әзірлеуге кірісті
Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулердің таныстырылымы өтті. Заң жобаларының нормаларымен оның авторларының бірі, депутат Екатерина Смышляева таныстырды.
Заң жобаларына Парламент депутаттары бастамашы болды. Оны жүзеге асырудың маңыздылығын Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында және биылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап өткен еді.
Жасанды интеллект саласына қандай заңнамалық жаңалықтар енгізіледі?
1.Жасанды интеллектіні тәуекел деңгейлері бойынша жіктеу жүйесі енгізіледі. Ол пайдаланушылардың және қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне ықтимал әсеріне байланысты оларды пайдалануды реттеуге мүмкіндік береді.
2. Бақылаусыз зардаптардың ықтималдығын азайту үшін Қазақстан аумағында адамның араласу мүмкіндігінсіз шешім қабылдайтын жүйелерді құруға және енгізуге тыйым салынады.
3. Жасанды инттелект жүйелерін әзірлеу, оқыту және сынақтан өткізу үшін Ұлттық платформа құрылады.
4. Жасанды интеллект иелері мен әзірлеушілері пайдаланушыларға жасанды интеллектпен қалай әрекет ету қажеттігін ескертуге және оның қалай жұмыс істейтіні туралы түсініктеме беруге міндетті болады.
5. Жеке деректерді қорғау күшейтіліп, адам мінез-құлқын басқаруға қабілетті ЖИ жасауға және пайдалануға тыйым салынады.
Ілеспе жоба аясында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Масс-медиа туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Заң жобаларын талқылау Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Екатерина Смышляева жетекшілік ететін жұмыс тобында жалғасады. Отырыс барысында айтылған ұсыныстар ескерілетін болады.
Толығырақ parlam.kz сайтында.
www.group-telegram.com/ye/mazhilis_kz.com
BY ҚР Парламенті Мәжілісі

Share with your friend now:
group-telegram.com/mazhilis_kz/11336