group-telegram.com/zhapisheva/9065
Last Update:
Сәлем, достар
Менде бәрі жақсы. Кеше АІІБ-де (аудандық ішкі істер бөлімінде) отырғанымда полиция қызметкерлері маған ешкім келмеді деп айтты, бірақ кейін адвокатым мұны өтірік деді, соны естіп қатты қуандым. Рахмет, бұл хабар жанымды жылытты.
Тоқаевтың тұсында цензура бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Саусақты бір шерткеннен-ақ ірі бұқаралық ақпарат құралдары ереуілдер, қызметкерлер мен жұмысшылардың ауыр жағдайы, экология мәселелері жайлы, тіпті өз редакциясындағы тұтқындаулар туралы да жазбай, үнсіз қалуда. Жемделген БАҚ иелері бұған қуана көмектесуде. Бұл уақытта журналистердің өзі жалақысын жоғалтып алудан қорқып, сөйлемей отыр. Назарбаевтың тұсында оның айналасындағылардың ұрлығы мен сыбайлас жемқорлық туралы ғана жазуға тыйым салынса, бүгінде ештеңеге саусақ ұшын тигізуге болмайды.
Парламент ешқашан тәуелсіз болмаған, полиция ылғи қуғын-сүргін құралы ретінде, ал сот саяси қудалау үшін қолданылып келеді. Бірақ қазір Қазақстан халқы БАҚ деген төртінші биліктен де айырылып отыр. Біз не партия құра алмаймыз, не тергеу жүргізе алмаймыз, тіпті бұл туралы әзілдей де алмаймыз. Бізді қой құсатып қырқып жатыр, ақшамыз шетелге ағып жатыр, біз күннен-күнге кедейіп, бұл туралы жақ ашпай отырмыз. Бостандықтың соңғы аралы — әлеуметтік желі ғана қалды. Бірақ онда да біреуін ақша, біреуін қорқыту арқылы блогерлердің аузын жауып отыр.
Мен біздің кәсібімізге деген сенімін әлі жоғалта қоймаған барлық журналисті сөйлеуге шақырамын. Темірлан мен басқа журналистерді кемі үнсіз репостпен қолдаңыз.
Мен көңілімді түсірмеуге тырысып бағудамын, жаңа достармен танысудамын. Қыздарға шахмат ойнауды үйретіп жүрмін, жақында турнир ұйымдастырамыз. Сендерді сүйдім, құшақтадым.
Әсем
BY zhapisheva
Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260
Share with your friend now:
group-telegram.com/zhapisheva/9065