Telegram Group Search
Forwarded from PR туралы
Мына кісіні танымайды екем. Қазақ креативщик жоқ дейді.
Қазақша оригиналынан жазатын копирайтер (инстапостқа текст жазатын жазғышбек емес, кәдімгі слоганды оригиналынан ойлап табатын, ұлттық контексті түсінетін, оны нарыққа бейімдей алатын кәдімгі классик копирайтер) іздеген, жарнама кампаниясын қазақ аудиториясына арнап жасайтын креатив команда іздеген бір компанияны көрдіңдер ме өмірлеріңде?
Мен өмірімде көрген емеспін ондайды. Аудармашы бар ма деп іздегендерді көрдім. Оның өзінде арзандауын іздеп, қымбатын тапса, жұмысын істетіп, ақшасын төлемей қойғандарды көрдім. Сосын тренинг/мастер класс оқып тұрып, қазақ аудиториясы ақшасыз топ деп сандырақтағандарды көрдім. Құдайдың құтты күні калька-калька релиз тастайтын сауатсыз компаниялар бар тағы.
Онда не айтып отыр бұл кісі?
#креатив
https://www.group-telegram.com/bessimptomno/25954
Бүгін — Отан қорғаушылар күні. Елде «Отан қорғаймын!» деп аттанып, түрлі себеппен ажал құшқан сарбаз көп. Ресми дерекке сүйенсек, олардың 20% өзіне қол салған.

Ант беріп үлгермей көз жұмған жап-жас жауынгерлер де бар. Бірақ биліктегілер мұны қалыпты нәрсе санап, мәселе «әскерде емес» дейді.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Олар он сияқты. Ұзынды-қысқалы болып қазақ дәстүрi, қазақ салты дегенде, дәмелерi қозып кетедi.
Бiр күнi Мыжбан бастаған “Көп түкiрсе— көл, түкiрмесе— нөл“ аты қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерi, жуырда ғана зейнеткерлiкке шыққан экс-министрдiң үйiне келдi. Есiктiң қоңырауын Мыжбан басты. Көп кешiкпей күрк-күрк жөтелiп, министр көрiндi.
— Сiздерге кiм керек?-дедi ол.
— Бiзге сiз керексiз,- дедi Мыжбан.
— Үйге кiрiңiздер. Жайшылық па?
— Бiз асығыспыз. Жәй бетiңiзге түкiрiп кетейiк деп едiк.
— Не үшiн? -деп таң қалды экс-министр.
— Министр болып тұрғаныңызда ұйымдасқан жемқорлықтың басында жүргенiңiз үшiн Паламент Мәжiлiсiнде, салт-дәстүрiмiз бен тiлiмiзге күлгенiңiз үшiн, портфельдi босқа ұстағаныңыз үшiн, Астанада жүрiп, Аристотельге ұқсағаныңыз үшiн, бiз сiздiң бетiңiзге
түкiру ежелгi қазақ дәстүрi. Рұқсат етiңiз.
Экс-министрдiң бетi қызарып, құлағы ұзарып кеттi.
— Түкiру үшiн ғана келдiңiздер ме?-деп сұрады сосын.
— Иә. Қай бетiңiзге түкiрейiк?-дедi Мыжбан.
— Сендер кiмсiңдер өзi?
— Бiз бе? Бiз— халықпыз.
— Мен халықты алдаған жоқпын.
— Неге? “Қарық қыламын!“ деп өтiрiктi соқтың? Тфу!
— Болды, болды, бiреуiң ғана “общий“ түкiре салыңыздаршы!
— Көп түкiрсе, көл дегендей...
— Немене, сонша... Айдалада шөлдегендей...
— Аға, тфу, сiзде бет жоқ екен!
— Бетiм жоқ болса, бетiңнен кесiп берейiн деп пе едiң? Жоғалыңдар!- деген экс-министр қатты ашуланып, есiгiн тарс еткiзiп жауып алды.
Олар он шақты. Ұзынды-қысқалы болып, қазақ дәстүрi, қазақ салты дегенде, делебелерi қозып кетедi. Сосын олар облыстық полиция бастығына келдi. Кезекшi кiргiзер емес.
— Қандай шаруа?-деп сұрады ол.
— Түкiремiз де шығамыз,-дедi Мыжбан.
— Кiмге?
— Бастығыңның бетiне.
— Да вы что?
— Солай. Хабарлас. Бiздi қабылдасын. Түкiремiз де шығамыз.
Кезекшi бас полицеймен хабарласты да, “кiрiңiздер!“ дедi. Бiрақ, әлi таңданып отыр.
Олар он шақты. Ұзынды-қысқалы болып бас полицейдiң кабинетiне кiрдi.
— Бiз түкiруге келдiк,- дедi Мыжбан,— бетiңiздi ыңғайлай берiңiз.
— Менде бет жоқ,-дедi ол күрсiнiп,— қарамағымдағылар парақор, лауазымды қызметке алсам, “шляпа“ бередi, “алмаймын“ десем, өкпелейдi. Жазықсыз қамаймыз кейде. Осы жаңа ғана “Сенде осы иман бар ма?“ деп облыс имамы түкiрiп кетiп едi. Кеше облыс әкiмi түкiрiп кеткен. Ендi министрiмiз түкiргелi жүр екен. Сендер де келдiңдер, түкiретiн жерiм де қалмады, өзi...
— Ренжiмеңiз, “көп түкiрсе— көл“ деген бар, тфу бетiн құрысын!,-деп Мыжбан бастап, өзгелерi қостап түкiрiп шықты.
Олар он шақты. Ұзынды-қысқалы. Қазақ дәстүрi “түкiрудi“ насихаттап жүр. Немене, бетiңiз жыбырлай қалды? Әлде, сiздiң бетiңiзге де түкрiп кетсiн бе?

Мұхтар Шерім «Біз түкіруге келдік...»
Еще вчера этот заг на WP казался забавным. Материал о том, что новый глава католиков должен поддерживать свободный рынок, и вообще Франциск слишком сильно ругал капитализм. А уже сегодня первый Папа – американец.

И как после такого не верить в рептилоидов-иллюминатов.
И как обычно в комментариях вакханалия о том, какие казахи плохие, какой ужасный народ, довели японцев.

Не бывает никаких плохих и хороших народов, бывают плохие институты. Системная коррупция может убить даже самые амбициозные инвестиции.

Это не один плохой бухгалтер, а отсутствие механизмов внутреннего контроля, аудита и прозрачности. Трудовые споры это результат того, что права работников и инвесторов не защищаются равномерно, а трудовые органы работают в условиях хаоса или давления. И так далее.

Инвесторы уезжают, бизнесы рушатся не из-за “плохого народа”, а из-за плохой системы, где честному бизнесу выжить невозможно.

Когда у тебя нет гарантий ни на защиту капитала, ни на справедливый суд, ни на профессиональные кадры это системная проблема, и она требует институциональных решений, реформ. Коррупция это не только когда деньги крадут, но когда еще и бардак из-за этого.

Системная коррупция не идет снизу вверх и не лечится снизу вверх, а наоборот сверху вниз. Дело не в плохом народе, а неэффективном менеджменте, которому невозможно ни предъявить, ни поменять.

Надо же уже наверное начать мыслить системно, а не просто ругать народ по любому поводу. Так мы никуда не уедем.
9 мамыр – мереке емес, аза тұту күні.

😔Сұм соғыс қаншама адамның өмірін қиды, қаншама отбасына қайғы-қасірет әкелді. Кей дерекке сүйенсек, соғыс кезіндегі Қазақстандағы мобилизация деңгейі немістерден екі есе жоғары болған. Германияда халықтың 12%-ы әскер қатарына шақырылса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 24%-дан асып түскен. Кей облыстарда соғысқа алынған қазақтардың саны 50-60%-ға дейін жеткен.

Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
22-летняя Ақнәр Гүлстан погибла после падения с 7 этажа. На ее теле нашли многочисленные следы пыток. Ее мать Гүлстан Хамит обнаружила видео и аудиосообщения, где видны две девушки, пытавшие ее дочь. Почти год она не может добиться, чтобы их привлекли к ответственности.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️ 2024 жылғы шілдеде Алматыда Ақнәр Гүлстан деген қыз көпқабатты тұрғын үйдің 7 қабатынан құлап қайтыс болды

Іс «өзін-өзі өлтіру» бабымен қарастырылып жатыр. Бірақ Ақнәр Гүлстанның анасы қызын құрбылары өлтірді деп есептейді.

Бүгін өткен баспасөз жиынында анасы қызының денесі көгергенін, тырнағы сынғанын, шашы жұлынғанын айтып, айғақ көрсетті.

Ақнәр Гүлстанның анасы іске қатысы бар болуы мүмкін екі қыздың еркіндікте жүргенін, полиция дұрыс жұмыс істемей отырғанын да жеткізді.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Әріптестеріммен бірге поп-мәдениетіндегі әйел образдары туралы stan.kz-ке айтып бердім. Айтылып жүрген әңгіме – баяғы жартас, сол жартас. Әйел әлі де болса ТВ мен кинода ақылсыз көкбет, ұрысқақ ене, бас кейіпкердің уайымшыл анасы мен үнсіз махаббат объектісі образдарынан шыға алмай жүр.

https://stan.kz/news-417598/
⚡️Қазақ қоғамында әйелдер бизнес бастап, стартап ашып жүр. Бірақ университеттер әлі күнге дейін қыздарға «ер адам жолыққанда иіл» деп үйретеді.

Әйгерім Құсайынқызы гендерлік теңсіздіктің қоғамдағы орнын, экономикалық және зияткерлік даму жолында қандай кедергілер тудырып жатқанын айтып берді.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ Threads
⚡️Санкт-Петербургте қазақстандық студент ұсталды

Қазақстан азаматы «терроризмді насихаттады» деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Санкт-Петербургтің тергеу комитеті басқармасы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, ұсталған студент «Жұмысшылар билігі» ұйымының съезінде «терроризмді ақтайтын ұрандар көтерген».

Ұсталған адамның аты-жөні — Гарри Азарян. Ол 23 жаста. Тергеушілер Гарри Азарянның жиындағы сөзінен билікті ауыстыруға шақыру белгілерін көрген.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Бүгін Рысбек Сәрсенбай ағамыздың шақыруымен елдегі саяси реформалар жөніндегі талқыға қатыстым.
Ұсыныстарым:
– “саяси тұтқын” мәртебесін заңдастыру, істерді қайта қарау, босату
– пропагандаға мемлекеттік тапсырыс (госзаказ) туралы ақпаратты қайта ашу. Оларды үлестіру үшін арнайы қоғамдық комиссия құру
– күштік құрылымдарды журналистер мен саясаткерлерге қарсы қолдануды тоқтату.

Толық оқу
🤡 «Бессмертный полк» шеруіне рұқсат берген Қазақстан билігі аштық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шерулерге рұқсат бермеді

Қазақстанның бірқатар қаласында жергілікті әкімдік белсенділерге 31 мамырда саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алуға арналған бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы NotExtremists Telegram-арнасы хабарлады.

Шеруге рұқсат бермеген қалалар тізімінде Астана, Шымкент, Павлодар, Петропавл және Өскемен бар. Осы қалалардың әкімдігі белсенділердің өтінішін мақұлдамай, бейбіт шеру өткізуден бас тартқан.

Сылтаулар әдеттегідей — өтініштегі ақпараттың толық болмауы, өтініш бейбіт жиын өткізу туралы ережеге сай еместігі, шеру өтетін жерде бұрын келісілген басқа іс-шараның өтуі және ол орында жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны.

Telegram ~ Instagram ~ Threads
Ермек Тұрсынов жағымпаздығылымен биліктің ерекше ықыласына бөлінген, бірнеше фильмге ақылға сыймайтын жоғары бюджеттер алған санаулы режиссерлердің бірі. Ол фильмдердің кейбірі көрерменге жеткен де жоқ. Кейін елді, қазақты, қазақы дүниені кемсіту арқылы танымал болды. Ақыры антикордың тексерісінен қорқып елден қашты. Жұрт несіне сонша зарлап жатыр.

https://www.group-telegram.com/tilkespekjoq/15040
Это не мило, это жалко.

В этом скрине точное отражение того, как думают whitewashed-казахи. Те самые, которые используют прилагательные: казакпайский, типичный казахский когда говорят о чем-то плохом.

Когда это все делает человек с казахской внешностью, казахской фамилией, казахскими родителями это жалко.
Когда человек считает, что плохо говорить на русском это «стыд», а на казахском «мило» – это жалко. Потому что родное это неловко, а чужое престижно. Это симптом внутренней колонизации, рабства.

Уже 2025 год. Сколько ещё можно жить с этим жалким, навязанным комплексом неполноценности?
я только хочу в этой жизни выходить в парк вечером и слушать тююю-тюююю, а больше ничего уже не хочу.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жәния Ұранқаеваның сторисінен.

Түркістан нағашыларымның жері, жүрегіме жақын, бірақ халқы осылай ойлайтынына қатты күйем. Неге әлі күнге дейін әкімді халықтың қызметшісі емес, «құдай берген» хан сияқты көреміз?

Әкім хан емес. Президент те хан емес. Сатыбалды хан емес, Назарбаев хан емес, Тоқаев хан емес. Олар халықты асырап отырған жоқ. Керісінше, халықтың байлығы есебінен өмір сүріп, соны жымқырып, жеп отырғандар. Сол үшін есеп беруі тиіс.
Шенеунік жалдамалы қызметкер, әмірші емес екенін түсінетін уақыт келді ғой.
2025/06/29 08:41:13
Back to Top
HTML Embed Code: