Telegram Group & Telegram Channel
📌Түркістан соттары жаңа ғимаратқа көшті

🔷Түркістан облыстық, қалалық және қаланың мамандандырылған барлық 8 соты Сот әкімшілігі құрылысын аяқтап, пайдалануға берген жаңа ғимаратқа көшті.

🇰🇿🇰🇬Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан мен Қырғызстан Жоғарғы соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Замирбек Базарбеков, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, облыс тұрғындары қатысты.

🔷А.Мерғалиев жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтап, Президенттің сот жүйесін дамытуға көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Ол 17,5 мың шаршы метрді құрайтын жаңа ғимараттың қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқаны, түркі рәміздерінің элементтері бар сәулеті, технологиялық стандарттары, қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, сондай-ақ сот ісін жүргізудің стандарттары заманауи талаптардың барлығына сай келетіні туралы атап өтті.

🔷«Мұнда адам қажетті ақпаратты тез және толық алу, келушілер, процестерге қатысушылар, әрине судьялар үшін де қолайлы жағдайлар жасалған. Судьялардың қызметі әділ және бейтарап сот төрелігін қамтамасыз етуге, судья әдебі мен мәдениеті нормаларын сақтауға бағытталатынына сенімдімін», - деді спикер.

🔷Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы З.Базарбеков бұл оқиғаны елдер үшін маңызы зор деп бағалады. Судьялар мен сот қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалғанын әрі олардың жауапкершілігі мен қажырлы еңбегіне сай екенін айта келе, жаңа ғимарат қаланың айшықты сәніне айналады деп санайтынын жеткізді.

🔷Сот жүйесінің ардагері Өмірбек Темір әріптестерін жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, ақ батасын берді.

🔷Салтанатты рәсімнің қонақтары мен қатысушылары жайлы сот залдарын, конференцзалын, судьяларға арналған кабинеттерді, қалалық соттардың орталықтандырылған архивін, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары бар фронт-кеңсені, робот-кеңесші, электронды кезек, бетті тану жүйесі және лазерлік периметрлік қауіпсіздік және т.б. аралап көрді.

🔷Одан кейін өткен екіжақты кездесуде Қазақстан мен Қырғызстанның жоғарғы соттарының төрағалары елдерде жүргізіліп жатқан сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды талқылады.

🔷А.Мерғалиев өз сөзінде электронды сервистерді дамыту, судьяларды оқыту және сот жүйесін жаңғырту аспектілері бойынша екі елдің сот жүйесінің одан әрі ынтымақтастығының келешегі туралы айтты.

🔷З.Базарбеков бауырлас халықтар арасындағы тату көршілік байланыстарды тереңдетуге ықпал ететін ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Мәртебелі мейман талқыланған мәселелер екі тарап үшін де тиімді болатынына сенімін білдірді.

🔷Өзара іс-қимылды серпінді дамыту мақсатында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы өз ниеттерін бекітті.

🔷Осы күні А.Мерғалиев пен Н.Ахметзакиров облыстың сот корпусымен кездесті. Кеңесте облыстық соттың алқа төрағалары Айдос Сұлтанов, Нұрлан Биболов және Аида Байтурова, сондай-ақ облыстық соттың төрағасы Тұрысбек Миятбеков атқарылған жұмыстары туралы айтып берді.

🔷Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы сот жүйесін жаңғырту, соттардың кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетін нығайту, салаға барынша кәсіби мықты мамандарды тарту аясындағы нақты қадамдар туралы хабардар етті.

🔷«Әділ сотқа және құқықтар мен заңды мүдделерді сот арқылы тиісті түрде қорғауға деген қоғамның үмітін ақтау, сол арқылы Мемлекет басшысының құқық үстемдігі мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру маңызды. Мүлдем төзбеушілік таныту және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін табанды түрде жою керек», - деп атап көрсетті А.Мерғалиев.

🔷Соңында Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың отставкадағы судьялары Өмірбек Темір мен Оралбай Құдайбергенді «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапаттады.

group-telegram.com/Jogargy_sot/1583
Create:
Last Update:

BY ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/Jogargy_sot/1583

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

But the Ukraine Crisis Media Center's Tsekhanovska points out that communications are often down in zones most affected by the war, making this sort of cross-referencing a luxury many cannot afford. Following this, Sebi, in an order passed in January 2022, established that the administrators of a Telegram channel having a large subscriber base enticed the subscribers to act upon recommendations that were circulated by those administrators on the channel, leading to significant price and volume impact in various scrips. On December 23rd, 2020, Pavel Durov posted to his channel that the company would need to start generating revenue. In early 2021, he added that any advertising on the platform would not use user data for targeting, and that it would be focused on “large one-to-many channels.” He pledged that ads would be “non-intrusive” and that most users would simply not notice any change. "The result is on this photo: fiery 'greetings' to the invaders," the Security Service of Ukraine wrote alongside a photo showing several military vehicles among plumes of black smoke. Elsewhere, version 8.6 of Telegram integrates the in-app camera option into the gallery, while a new navigation bar gives quick access to photos, files, location sharing, and more.
from us

Telegram ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
FROM American