Telegram Group & Telegram Channel
Air Astana «Орталық Азияның үздік әуекомпаниясы» атанды

Air Astana APEX-2025 «Орталық Азияның үздік әуекомпаниясы» марапатын алды. Салтанатты марапаттау рәсімі 2024 жылдың 20 қарашасында Сингапур қаласында өтті.

«Бұл марапат - Air Astana командасының көп жылдық еңбегінің нәтижесі және қонақжайлылық, жоғары қызмет көрсету стандарттары мен инновациялық экологиялық бастамаларды жүзеге асыру арқылы жолаушыларымызға ерекше тәжірибе сыйлау миссиямызды көрсетеді», – марапатты қабылдау барысында атап өтті Air Astana компаниясының Борттық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Елена Обухова.

Көрме аясында Елена Обухова Air Astana-ның жолаушылармен эмоционалды байланыс орнату тәсілдері туралы презентация жасады. Саяхатшыларға Қазақстан мәдениетімен байланыс сезімін орнатуға деген әуекомпанияның ұмтылысын ерекше атап өтті.

Осы жылдың басында Air Astana APEX Five Star Award марапатын «Ірі әуе компаниялары» санатында жеңіп алды. Бұл халықаралық марапат APEX және Triplt by Concur серіктестігі арқылы бейтарап, тәуелсіз жолаушылардың пікірлеріне негізделген. Марапаттау рәсімі АҚШ-тың Калифорния штатында өткен APEX/IFSA Global EXPO көрмесінде болған.

Сингапурда өткен APEX Awards марапаттау рәсімі Азия-Тынық мұхиты аймағында әуекомпаниялардың жетістіктерін атап өтіп, инновациялар мен өңірге бейімделу мүмкіндіктерін дәріптеді. Марапат өңірдегі ең ірі авиациялық іс-шара саналатын FTE APEX Asia EXPO көрмесі аясында табысталды.

group-telegram.com/PR_AirAstana/587
Create:
Last Update:

BY Air Astana press-releases

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/PR_AirAstana/587

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

He adds: "Telegram has become my primary news source." Such instructions could actually endanger people — citizens receive air strike warnings via smartphone alerts. In addition, Telegram now supports the use of third-party streaming tools like OBS Studio and XSplit to broadcast live video, allowing users to add overlays and multi-screen layouts for a more professional look. Apparently upbeat developments in Russia's discussions with Ukraine helped at least temporarily send investors back into risk assets. Russian President Vladimir Putin said during a meeting with his Belarusian counterpart Alexander Lukashenko that there were "certain positive developments" occurring in the talks with Ukraine, according to a transcript of their meeting. Putin added that discussions were happening "almost on a daily basis." Elsewhere, version 8.6 of Telegram integrates the in-app camera option into the gallery, while a new navigation bar gives quick access to photos, files, location sharing, and more.
from us

Telegram Air Astana press-releases
FROM American