Telegram Group & Telegram Channel
◾️ Прокурор тұрғын емес үй-жайларды иеліктен шығарудағы бұзушылықтарды анықтай отырып, Университет (ЖАҚ) мен ЖШС арасындағы мәмілелерді, сондай-ақ келесідей мәмілелерді даулады. Г. мүлікті соңғы сатып алушы болып табылады.

◾️ 2003 жылы Университет жарғылық капиталына 100% мемлекет қатысатын жабық акционерлік қоғам нысанында еншілес тұлға – ЖШС-ке тұрғын емес үй-жайларды (асхана) сатқан. Алматы қаласының әкімдігі серіктестікке осы үй-жайды ұстау үшін ортақ үлестік меншікке жер үлесін берген.

◾️ Өз кезегінде, 2006 жылы бұл ЖШС асхана мен жер телімін Компанияға сатқан, ол бұл мүлікті несие алып, Банкке берген. Несиені қайтармау нәтижесінде сот орындаушысы даулы мүлікті Банкке берген.

◾️ 2015 жылы бұл жылжымайтын мүлікті Г. сатып алған. Прокурордың талап қоюы бойынша жергілікті соттар барлық мәмілелерді жарамсыз деп танып, жылжымайтын мүлікті Университетке қайтаруға қаулы шығарған.

◾️ Соңғы сатып алушы Г.-ның кассациялық өтінішхатын қарау кезінде Жоғарғы Сот 2003 жылғы шартты, шынымен де, Университеттің лауазымды тұлғалары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның талаптарын бұза отырып (мәмілені ЖАҚ-ның жалғыз акционерінің келісімінсіз) жеке мақсаттар үшін жасағанын, бұл АК-нің 158-бабы,1-тармағына сәйкес, оның жарамсыздығына негіз болып табылатынын анықтады.

◾️ Жалғыз акционердің шешімі бойынша мәмілені бекіту туралы Заң талаптарының бұзылуына, сондай-ақ осы шешімді қабылдау Алматы қаласы әкімінің құзыретіне жатпайтынына байланысты жер үлесін сату туралы қаулы мен келісім де жарамсыз болып табылады. Бұл ретте Компанияның Банк алдында орындалмаған міндеттемесі болғандықтан және бұл заңды күшіне енген сот шешімімен расталғандықтан, Банктің даулы мүлікті сатып алушыға заң талаптарын бұза отырып, сатып алушыға айналғаны туралы ешқандай мән-жайлар анықталған жоқ.

◾️ Сот орындаушысының әрекеті, өз кезегінде, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының нормаларына негізделеді, өйткені борышкердің мүлкі сауда-саттық жарамсыз деп танылғаннан кейін, сату бағасын төмендете отырып, өндіріп алушыға берілген. Соңғы сатып алушы Г.-ның Университет мүлкін бастапқы иеліктен шығару кезінде орын алған бұзушылықтар туралы білуі немесе білуі тиіс екендігі туралы ешқандай дәлелдеме жоқ, сондықтан Азаматтық кодекстің 261-бабына сәйкес,ол адал сатып алушы өлшемшарттарына сәйкес келеді деп танылды.

◾️ Анықталған мән-жайлар бойынша кассациялық алқа Г-ның пайдасына шешім шығара отырып, сот актілерін өзгертті.

group-telegram.com/Jogargy_sot/4544
Create:
Last Update:

BY ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Warning: Undefined variable $i in /var/www/group-telegram/post.php on line 260

Share with your friend now:
group-telegram.com/Jogargy_sot/4544

View MORE
Open in Telegram

Telegram | DID YOU KNOW?

Date: |

In a statement, the regulator said the search and seizure operation was carried out against seven individuals and one corporate entity at multiple locations in Ahmedabad and Bhavnagar in Gujarat, Neemuch in Madhya Pradesh, Delhi, and Mumbai. For Oleksandra Tsekhanovska, head of the Hybrid Warfare Analytical Group at the Kyiv-based Ukraine Crisis Media Center, the effects are both near- and far-reaching. Lastly, the web previews of t.me links have been given a new look, adding chat backgrounds and design elements from the fully-features Telegram Web client. The Dow Jones Industrial Average fell 230 points, or 0.7%. Meanwhile, the S&P 500 and the Nasdaq Composite dropped 1.3% and 2.2%, respectively. All three indexes began the day with gains before selling off. Soloviev also promoted the channel in a post he shared on his own Telegram, which has 580,000 followers. The post recommended his viewers subscribe to "War on Fakes" in a time of fake news.
from jp

Telegram ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
FROM American